Конференция

Scopus және Web of Science базаларында индекстелген конференциялар

Scopus және Web of Science базаларында индекстелген конференциялар мен семинарлар өткізу мақсатында 2022 жылы Красноярск өлкелік ғылым және техника үйімен және ғылыми зерттеулерді қолдау қауымдастығымен 2 келісім жасалды. Біздің ПОҚ және білім алушылар өздерінің ғылыми мақалаларын барлық бірлескен конференцияларда тегін немесе жеңілдікпен жариялай алады.

Жасалған келісімдер шеңберінде 2022 жылдан бастап қазіргі уақытқа дейін алғаш рет Scopus және Web of Science базаларында индекстелген 4 конференция ұйымдастырылды және өткізілді:

1. «Агротехнология, экологиялық инжиниринг және тұрақты даму» VII Халықаралық ғылыми конференциясы – VII International Conference on Advanced Agritechnologies, Environmental Engineering and Sustainable Development (16-18 маусым 2022 ж.).

2. «Заң ғылымы инновациялық экономиканы дамытудың және орнықты даму мақсаттарына қол жеткізудің негізі ретінде» халықаралық ғылыми-практикалық конференциясы LINE 2023 (9 ақпан 2023 ж.).

3. EdUCO 2023 заманауи білім беру технологиялары мен тәжірибелері бойынша халықаралық ғылыми-практикалық конференция (16 ақпан 2023 ж.).

4. DTSE 2023 «Ғылымның, білімнің, қоғамның цифрлық трансформациясы – тұрақты және инновациялық даму жолында» халықаралық ғылыми-практикалық конференциясы (16 наурыз 2023 ж.). 4 конференцияның қорытындысы бойынша 30-дан астам мақала жарияланды, оның ішінде 8 мақала тегін жарияланды. І. Жансүгіров атындағы Жетісу университеті әрдайым зерттеулер жүргізуге және ғылыми нәтижелерді жариялауға жағдай жасайды. Біз өз ғалымдарымызды мақтан тұтамыз және университет ғалымдарына ғылымды дамытуға және насихаттауға қосқан үлесі үшін алғыс білдіреміз!