Тағылымдама

Лунд университетіндегі ғылыми тағылымдама

Басқарма Төрағасы – Ректор аппаратының басшысы Қалдияров Данияр Алтайұлы және құқық саласындағы білім беру бағдарламаларының басшысы Дания Нұрмұханқызы жоба шеңберінде Лунд университетінде құқық әлеуметтануы кафедрасына шақырылған зерттеушілер ретінде ғылыми тағылымдамадан өтуде.

«Central Asian Law: Legal Cultures and Business Environments in Central Asia» — бұл Еуропалық Комиссияның H2020 MSCA-RISE (жоба нөмірі 870647) бағдарламасы қаржыландыратын 4 жылдық зерттеу және оқыту жобасы, жүзеге асырылу мерзімі 03.01.2020 мен 02.2024 аралығында.

Жоба Орталық Азиядағы құқықтық мәдениет, басқару және іскерлік орта арасындағы қарым-қатынас туралы жаңа білім мен саяси түсінік алуға бағытталған. Жоба Лунд университетінің (Швеция) базасында Еуропа мен Орталық Азияның 11 еліндегі 14 оқу орнымен бірлесіп жүзеге асырылуда.