Курс

Математиктерге арналған біліктілікті арттыру курсы

2023 жылғы 2-13 мамыр аралығында Ілияс Жансүгіров атындағы Жетісу университетінің Біліктілікті арттыру және қосымша білім беру орталығының базасында «Математика мұғалімдерінің ақпараттық құзыреттілігін кейс-технологиясын қолдану арқылы қалыптастыру» тақырыбында 36 сағаттық курс өтті. Курсты 8D01501-«Математика» білім беру бағдарламасының 3 курс докторанты  Абдуалиева Рима Ергалиевна өткізді. Біліктілікті арттыру бағдарламасы докторанттың диссертациялық зерттеу нәтижелері бойынша әзірленген.

Бағдарламаның мақсаты: қазіргі заманауи білім беру жағдайындағы математика мұғалімдерінің кәсіби құзыреттілік деңгейін сандық бағдарланған сервистерді  қолданып,  қызметтерін арттыру болып табылады.

Курсқа мектептердің математика пәнінің мқғалімдері, университет оқытушылары қатысты. Бағдарламаны игеру барысында тындармандар математика мұғалімінің оқу-әдістемелік жұмысын іске асыру үшін интерактивті платформаларды пайдалануды, кәсіби қызметте заманауи цифрлық бағдарланған құралдар мен сервистерді қолдануды уйренді.