Жоба

«Асыл қазына университеті» жобасын іске асыру

Біліктілікті арттыру және қосымша білім беру орталығы «Асыл қазына университеті» жобасы аясында университеттің ПОҚ және қала ардагерлері қатарындағы егде жастағы адамдарға «Миға арналған Фитнес: әр күнге жаттығу» бағдарламасы бойынша оқытуды ұйымдастырды. Бағдарлама есте сақтау, зейін, ойлау, мәселелерді шешу, шығармашылық және ақпаратты өңдеу жылдамдығы сияқты когнитивті әрекеттің әртүрлі аспектілерін ынталандыруға және жаттықтыруға бағытталған.

Оқытуды Гуманитарлық ғылымдар Жоғары мектебінің оқытушы-лекторы, философия ғылымдарының кандидаты, майнд-фитнес жаттықтырушысы Рахипова Сайра Қасымқызы жүргізді. Тыңдаушылар оқытушы мен оқытуды ұйымдастырушыларға мазмұнды және танымдық сабақтары, сабақтағы жылы және рухани ахуалы, оқытудың әрбір қатысушысына ұқыптылықпен қарағаны үшін алғыс білдірді.