Бірінші курс студенттерімен кездесу

05.09.2023 жылы жаратылыстану жоғары мектебінің базасында 1 курс студенттерімен кездесу өткізілді. Студенттер жоғары мектеп деканымен және профессор-оқытушылар құрамымен танысты. Кездесу барысында бірінші курс студенттеріне үлкен үміт артылатындығы және оқу, зерттеу және қоғамдық жұмыстарда жоғары жетістіктерге жету тілектері айтылды.  Студенттік декан Әділет балаларды жоғары мектептің студенттік активінің құрылымымен таныстырды. Кездесу нәтижесінде студенттерге оқу процесі туралы ақпарат, сондай-ақ оларды қызықтырған сұрақтарға жауаптар берілді.