Тілдер апталығы

І.Жансүгіров атындағы Жетісу университетінде «Тілдер апталығы» өтті. Шараны шетел тілдері және аударма ісі білім беру бағдарламасының жетекшісі Динара Жабықбаеваның басшылығымен оқытушылар мен білімгерлер ұйымдастырды. Республиканың Тілдер мерекесіне орай 18-22 қыркүйек аралығында өтті. Апталықтың бірінші күні мемлекеттік тіл – қазақ тілінің мәртебесін асқақтатқан, ұлттық дәстүрімізді ұлағаттаған іс-шарадан бастау алды. Екінш күні ағылшын, неміс, үшінші күні түрік, төртінші күні кәріс, қытай ұлттарының тілін, мәдениетін дәріптеген апта күндерінде әсем безендірілген іс-шаралар ұйымдастырылып, университет білімгерлеріне ерекше сезім, мерекелік көңіл-күй сыйлады. Іс-шараның соңғы күні әсем ән, нақышына келтірілген ұлттық билерімен жалғасын тапты.

Қазақстан Республикасының Тілдер мерекесін насихаттау, патриоттық сезімдерін тәрбиелеуге бағытталған бұл іс-шараның қорытынды күнінде Гуманитарлық ғылымдар жоғары мектебінің деканы Абызова Айна Маратқызы, Швейцар мемлекетінен келген профессор Вернер, Шетел тілдері және аударма ісі білім беру бағдарламасының жетекшісі Жабыкбаева Динара Маратқызы шығып әртүрлі сайыстар мен конкурстарға белсене қатысқан, өз үлестерін қосқан оқытушылар мен білім алушыларды алғыс хаттармен марапаттады.