Семинар

2023 жылғы 28 қыркүйек күні Жилин университетінің тау биологиясы институтынан шақырылған ғалым, PhD профессор Мариан Янига жаратылыстану жоғары мектебінің профессор-оқытушылар құрамы мен жас ғалымдарына «Таулы аймақтың ағын суларындағы судың сапасы» тақырыбында семинар өткізді. Семинарға Халықаралық медицина жоғары мектебінің (Қырғыз Республикасы) өкілдері де қатысты. Семинарға қатысушылар Жетісу облысында жүргізілген бірлескен ғылыми зерттеулердің нәтижелерімен танысты. Қатысушылар тарапынан сұрақтар қойылып, тақырып жан-жақты талқыланды.