PR аламанында дара шыққан Жетісу білімгерлері

2026 жылғы 25 сәуірде Алматы қаласындағы Тұран университеті базасында 6В03202 – «Қоғаммен байланыс» білім беру бағдарламасы бойынша XVIII Республикалық пәндік студенттік олимпиада өтті. Аталған білім бәйгесіне еліміздің жоғары оқу орындарынан үздік студенттер қатысып, кәсіби білімдері мен шығармашылық қабілеттерін сынға салды. Олимпиада нәтижесі бойынша І.Жансүгіров атындағы Жетісу университеті тобы жоғары деңгейдегі дайындықтарын көрсетіп, жүлделі I орынды иеленді. Команда мүшелері күрделі теориялық және практикалық тапсырмаларды сәтті орындап, қоғаммен байланыс саласындағы өзекті мәселелер бойынша тың идеялар ұсынды. Жеңімпаз команда құрамында Айсаева Томирис, Өмірбек Нұрай, Тоқсанбаева Асылжан болды. Студенттер өздерінің кәсіби құзыреттіліктерін, креативті ойлау қабілеттерін және командалық жұмыс дағдыларын жоғары деңгейде көрсете білді. Команданы жарысқа дайындаған жетекші – гуманитарлық факультет, Журналистика кафедрасының меңгерушісі, PhD Каримова Бибигуль Жұмашовна. Жетекшінің білікті бағыт-бағдары мен сапалы дайындығы студенттердің жоғары нәтиже көрсетуіне үлкен үлес қосты. Аталған жеңіс – университеттің білім беру сапасының жоғары екендігін және студенттердің кәсіби деңгейінің биіктігін айқындайтын маңызды жетістік болып табылады.

AI Assistant