«Таза Қазақстан»

Дене шынықтыру және өнер факультетінің студенттері «Таза Қазақстан» жалпыұлттық акциясы аясында маңызды экологиялық бастамаға белсене қатысты.

Табиғатты қорғау мен қоршаған ортаның сапасын арттыруға бағытталған игі шара барысында жастар жаппай ағаш отырғызып, өңірдің жасыл желегін көбейтуге өз үлестерін қосты. Бұл бастама студенттердің экологиялық мәдениеті мен азаматтық жауапкершілігінің жоғары деңгейде екенін көрсетті.

Табиғатты аялау — баршамызға ортақ міндет екенін тағы бір мәрте дәлелдеген бұл іс-шара көпшілікке үлгі болып, қоршаған ортаға жанашырлықпен қарауға үндейтіні сөзсіз.