«Киберқауіпсіздік және кибертәртіп» акциясы

Дене шынықтыру және өнер факультетінің оқытушы-дәріскері С.С. Онгарбаева «Музыкалық білім беру» білім беру бағдарламаларының студенттеріне «Киберқауіпсіздік және кибертәртіп» акциясы аясында тәрбие сағатын өткізді.

Іс-шара барысында студенттерге интернет кеңістігіндегі қауіпсіздік ережелері, жеке деректерді қорғау, кибермәдениет пен жауапты цифрлық мінез-құлық мәселелері жан-жақты түсіндірілді. Сонымен қатар, заманауи киберқауіптердің алдын алу жолдары талқыланып, пайдалы кеңестер берілді.

Аталған тәрбие сағаты студенттердің цифрлық сауаттылығын арттырып, қауіпсіз интернет қолдану мәдениетін қалыптастыруға бағытталды.