Құттықтаймыз!

26 шілде мен 1 тамыз аралығында Орал қаласында ересектер мен жасөспірімдер арасында садақ атудан Қазақстан Республикасының чемпионаты өтті.
Аталған чемпионатқа І. Жансүгіров атындағы Жетісу университетінің Дене шынықтыру және өнер факультетінің студенттері Землянова Александра (ФКР-411), Тұрысбеков Асанәлі (ФКС-211) және Жоламанова Аңсаған (ДШК-212) қатысты.
Жарыс қорытындысы бойынша Землянова Александра әйелдер арасында классикалық садақ атудан жекелей сында I орын, микс командалық сайыста I орын, ал командалық біріншілікте III орын иеленді.
Тұрысбеков Асанәлі U29 санатында блоктық садақ атудан командалық біріншілікте I орынға ие болды.
Жоламанова Аңсаған U29 санатында блоктық садақ атудан командалық біріншілікте I орын, жекелей сында III орын иеленді.
Студенттерімізді жоғары спорттық жетістіктерімен шын жүректен құттықтаймыз! Алдағы жарыстарда толағай табыс, жаңа жеңістер мен биік белестерді бағындыруды тілейміз!