🎓 І. Жансүгіров атындағы Жетісу университеті «Кітап оқитын ұлт» республикалық кітап оқу марафоны на белсенді қатысуда.
«Зерделі ұлт – болашақтың негізі» идеясын арқау еткен республикалық марафонның өңірлер үшін маңызы зор.
⚜️ Марафон аясында түрлі әлеуметтік және кәсіби топтарды қамтитын жеті бағыт белгіленген. Соның бірі – «Кітап оқитын университет» бағыты.
⚜️ Бұл бағыт студенттер арасында кітап оқуды насихаттауға, олардың әдеби және зияткерлік деңгейін көтеруге, білімге құштар жастардың қатарын көбейтуге мүмкіндік береді.
⚜️ Жетісу өңіріндегі білім мен ғылымның қарашаңырағы саналатын І. Жансүгіров атындағы Жетісу университеті үшін бұл бастаманың маңызы айрықша.
⚜️ Білім ордасы аталған жобаға белсенді қатысып, «Кітап оқитын университет» бағыты бойынша студенттерді марафонға кеңінен жұмылдырып отыр.
⚜️ Студенттерге республикалық жобаға қатысудың мақсаты мен міндеттері, қатысу тәртібі бойынша түсіндірме жұмыстары жүргізіліп, қатысушылар тіркеуден өтті.
📚Студент жастар кітап оқу арқылы білім көкжиегін кеңейтіп, зияткерлік қоғам қалыптастыруға үлес қоспақ.
Кітап оқитын ұлт – зерделі ұлт. Зерделі ұлт – жарқын болашақтың негізі!

