2026 жылғы 25 қыркүйекте Ілияс Жансүгіров атындағы Жетісу университетінде «Мамандығым – болашағым» жобасы аясында «Өңірлік кадрларға қажеттілік картасы негізінде білім беру шешімдерін әзірлеу» тақырыбында әдістемеліксеминар өтеді.
Семинардың негізгі бағыты – өңірдің кадрларға деген ағымдағы және перспективалық қажеттіліктерін талқылау, еңбек нарығының сұраныстарын қолданыстағы білім беру бағдарламаларымен салыстыру және жоғары оқу орындары, колледждер, жұмыс берушілер мен өңірлік мемлекеттік органдардың қатысуымен нақты білім беру шешімдерін әзірлеу.
Семинарға Жоғары білім беруді дамыту ұлттық орталығының, Жетісу облысының мемлекеттік органдарының, Кәсіпкерлер палатасының, техникалық және кәсіптік білім беру ұйымдарының, жұмыс берушілер мен салалық бірлестіктердің өкілдері, сондай-ақ университет басшылығы, кафедра меңгерушілері және білім беру бағдарламаларын әзірлеушілер қатысады.
#SDG #ЦУР #ТДМ

