Жетісу университеті жаңа кәсіби серіктестік орнатты

І. Жансүгіров атындағы Жетісу университеті мен Қазақстан Республикасы Қаржылық мониторинг агенттігінің Жетісу облысы бойынша Экономикалық тергеп-тексеру департаменті арасында ынтымақтастық туралы меморандумға қол қойылды.

Жиын «Заң мен тәртіп» қағидатын нығайту аясында «Жаңару» сыбайлас жемқорлыққа қарсы жалпыұлттық қозғалысымен бірлесіп ұйымдастырылды.
Кездесу барысында Басқарма төрағасы – Ректор Ермек Бөрібаев департаментпен оқу-тәжірибелік бағытта көп жылдан бері әріптестік байланыс орнағанын атап өтті.

Өз кезегінде Жетісу облысы бойынша Экономикалық тергеп-тексеру департаментінің басшысы Дастан Букешев студенттерге практикалық білім берудің маңыздылығына тоқталды.

Сондай-ақ ректор Ермек Бөрібаев Дастан Балтабайұлын Құқық және экономика факультетінің материалдық-техникалық базасымен таныстырды.

Жиын соңында ҚР Қаржылық мониторинг агенттігінің Жетісу облысы бойынша Экономикалық тергеп-тексеру департаментінің Превенция және талдау әзірлемелері басқармасының бастығы Мейрам Қасымбеков студенттерге «Дропперлік: киберқылмыскерлердің құралына айналмау жолдары» тақырыбында дәріс оқыды.

#SDG #ЦУР #ТДМ