Қазақстан Республикасы Ғылым және жоғары білім министрлігінің Ғылым және жоғары білім беру саласындағы сапаны қамтамасыз ету комитеті төрағасының 2026 жылғы 1 қазандағы №696 бұйрығына сәйкес, «І. Жансүгіров атындағы Жетісу университеті» КЕАҚ алғаш рет
8D042 «Құқық» бағыты бойынша 8D04201 – «Құқықтану» білім беру бағдарламасы бойынша философия докторы (PhD), бейіні бойынша доктор дәрежелерін беру үшін диссертацияларды қорғау жөніндегі Диссертациялық кеңес ашылды!
Диссертациялық кеңестің ашылуы университетте докторлық деңгейдегі ғылыми кадрларды даярлау мен диссертациялық зерттеулерді қорғаудың жаңа мүмкіндігін қалыптастырып, құқықтану саласындағы ғылыми әлеуетті арттыруға жол ашады.
Бұл – І. Жансүгіров атындағы Жетісу университетінің тарихындағы маңызды қадам.
#SDG #ЦУР #ТДМ

