Бүгін, “Халықаралық қарттар күніне” орай І. Жансүгіров атындағы Жетісу университетінің Дене шынықтыру және өнер факультетіне қарасты «Ұлан» және «Бумеранг» волонтерлік клубтарының мүшелері әлеуметтік осал санатқа жататын қарт отбасыға қолдау көрсету мақсатында қайырымдылық акциясын өткізді.
Волонтерлер отбасыға қажетті көмек көрсетіп, үлкендерге ерекше көңіл бөліп, қамқорлық танытты. ❤️
Осындай игі бастамалар көмекке мұқтаж жандарға қолдау көрсетумен қатар, жастардың бойында мейірімділік, әлеуметтік жауапкершілік және аға буынға деген құрмет құндылықтарын қалыптастыруға ықпал етеді.
Үлкенге құрмет пен қамқорлық тек мерекелік күндерде ғана емес, күнделікті өміріміздің игі дәстүріне айналсын! 🙌

