«ЭТНО-FASHION»

Жетісу облысында «Қоғамдық келісім» коммуналдық мемлекеттік мекемесінің ұйымдастыруымен ұлттық мәдениет пен дәстүрді дәріптеуге бағытталған «ЭТНО-FASHION» облыстық байқауы өтті.

Аталған облыстық байқауда І. Жансүгіров атындағы Жетісу университетінің Дене шынықтыру және өнер факультетінің студенттері шығармашылық қабілеттері мен көркемдік шеберліктерін жоғары деңгейде көрсетіп, марапаттарға ие болды.

Байқау нәтижелері бойынша:

Асимова Сания – ұлттық мәдениетті дәріптеудегі шығармашылық шеберлігі үшін ІІ орын иеленді.

Шкурина Алия – этномәдени мұраны сақтауға, ұлттық құндылықтарды дәріптеуге және ұлтаралық достықты нығайтуға қосқан үлесі үшін Алғыс хатпен марапатталды.

Студенттердің шығармашылық жетістіктерге жетуіне Шығармашылық білім беру кафедрасының қауымдастырылған профессорының м.а, философия докторы (PhD) З. Е. Шагатаева және Шығармашылық білім беру кафедрасының оқытушы-ассистенті М. А. Жумабаева жетекшілік етті.

Бұл жетістіктер – студенттеріміздің шығармашылық ізденістерінің, өнерге деген сүйіспеншіліктері мен ұлттық мәдени құндылықтарды дәріптеуге бағытталған еңбектерінің, сондай-ақ жетекшілерінің кәсіби қолдауы мен тәлімгерлік жұмысының айқын көрінісі.

Асимова Сания мен Шкурина Алия айтулы жетістіктерімен шын жүректен құттықтаймыз! Сонымен қатар, студенттердің шығармашылық әлеуетін дамытуға үлес қосқан жетекшілеріне алғыс білдіреміз! Алдағы шығармашылық байқауларда толағай табыстар, жаңа жетістіктер мен биік белестер тілейміз!