Психология пәнінің оқытушысы Сәуле Мәуленқызы Жұмаділова 21 қазан күні 204 НО тобымен « Игры и занятия для интеллектуального развития и психических процессов «тақырыбында ашық сабақ өткізді. Сабақ барысында студенттер болашақ педагог ретінде оқытушының жетекшілігімен шағын сабақтарды өздері жобалап, өткізді. Сабақтың соңында студенттер өз іс-әрекеттерінің нәтижелерін (өзін-өзі бағалау) және жолдастарының іс-әрекеттерінің нәтижелерін (өзара бағалау) бағалады. Тәрбие және психологиялық тұрғыдан сабақ студенттердің өз мамандығына деген қызығушылығын қалыптастыруға ықпал етті.
![](https://zhetysu.edu.kz/wp-content/uploads/2021/12/image-119.png)