Факультет физической культуры и искусства

ҚҰТТЫҚТАЙМЫЗ.

28.03-02.04.2025 жылы Қостанай қаласында Ауыр атлетикадан ерлер мен әйелдер арасындағы Қазақстан Республикасының жеке командалық чемпионатында Ілияс Жансүгіров атындағы Жетісу университеті, Дене шынықтыру және өнер факультетінің білім алушысы Ибраим Аиданы ІІ-орынға ие болуымен ҚҰТТЫҚТАЙМЫЗ.

ҚҰТТЫҚТАЙМЫЗ

29-31.03.2025 жылы Алматы қаласында үлкен қашықтықта жүгіруден Қазақстан Республикасының чемпионатында Ілияс Жансүгіров атындағы Жетісу университеті, Дене шынықтыру және өнер факультетінің білім алушыларын жүлделі орындарға ие болуымен ҚҰТТЫҚТАЙМЫЗ.1.Болатбекқызы Айана 10 км қашықтықта І – орын2.Кудайберген Сания 10 км қашықтықта ІІ – орын

Дене шынықтыру және өнер факультетінің шығармашылық білім беру кафедрасының кәсіптік бағдарлау жұмыстарын өткізді

01.04.2025 ж. Дене шынықтыру және өнер факультетінің шығармашылық білім беру кафедрасының ұйымдастыруымен Талдықорған қаласындағы Қ.Байсейтов атындағы саз колледжінің бітіруші түлектерімен, Н.Тілендиев атындағы балалар музыка мектебі және балалар өнер мектебінің бітіруші түлектерімен және оқытушыларымен кәсіптік бағдарлау жұмыстарын өткізді. Кездесу барысында осы білім беру ұйымдарының түлектерімен және оқытушыларымен үгіт-насихат жұмыстары жүргізіліп, оларға университет туралы ақпарат берілді. 6В01410 …

Дене шынықтыру және өнер факультетінің шығармашылық білім беру кафедрасының кәсіптік бағдарлау жұмыстарын өткізді Read More »

ҚҰТТЫҚТАЙМЫЗ.

25-31.03.2025 жылы Шымкент қаласында Садақ атудан ересектер және (U29) арасындағы Қазақстан Республикасының кубогінің 1-кезеңінде Ілияс Жансүгіров атындағы Жетісу университеті, Дене шынықтыру және өнер факультетінің білім алушысы Землянова Александраны жүлделі орынға ие болуымен ҚҰТТЫҚТАЙМЫЗ. Ересектер арасында олимпиадалық айналымда І-орынЕресектер арасында М-1 жаттығуында 1321 ІІ-орын

«ҰЛАН» және «Шабыт» еріктілер тобы

Дене шынықтыру және өнер факультетінің «ҰЛАН» және «Шабыт» еріктілер тобының білім алушылары бастама көтеріп қаламыздың екі отбасына (көпбалалы жалғызбасты аналарына) азын-аулақ көмектерін азық-түлікпен ұсынып қайтты.

Дене шынықтыру және өнер факультетінің жыл қорытындысы

Дене шынықтыру және өнер факультеті бойынша жыл қорытындысы жасалды, факультет жұмысының бағыттары бойынша кемшіліктермен жетістіктер аталып өтілді. Әр түрлі деңгейдегі спорттық жарыстар, конкурстар, фестивальдерде көзге түскен белсенді білім алушылар және оқытушылар марапатталды.

«Салт-дәстүрім байлығым»

Салт-дәстүр – тек күнделікті өміріміздің бір бөлігі ғана емес, ол біздің ұлттық сана-сезімімізді, рухани құндылықтарымызды сақтауға көмектесетін қымбат қазына. Осы қазынаны ұрпақтан-ұрпаққа жеткізу – біздің парызымыз. Салт-дәстүрімізді сақтап, оны қадірлей отырып, болашақ ұрпаққа аманат етейік!

Ұлттық спорт түрлерін қолдап, оларды насихаттай отырып, өз мәдениетімізді дәріптейік!

Дене шынықтыру және өнер факультетінің оқытушы – ассистенті М.Заманбеков факультетіміздің белсенді білім алушылар арасында тоғызқұмалақ ойынан жарсы өткізді. Біз ұлттық спортты дамыту арқылы жастарды салауатты өмір салтына баулып, рухани құндылықтарды сақтай аламыз. Ұлттық спорт түрлерін қолдап, оларды насихаттай отырып, өз мәдениетімізді дәріптейік!

AI Assistant