ҒЫЛЫМИ ЖҰМЫСТАР БАЙҚАУЫ
І. Жансүгіров атындағы Жетісу университеті 2026 жылғы 28–29 сәуірде «Жаһандық трансформациялар жағдайындағы әлеуметтік-гуманитарлық ғылымдар: қоғам дамуының сын-қатерлері мен стратегиялары» тақырыбында білімгерлердің ғылыми жұмыстар байқауы өткізілетіні туралы хабарлайды. Байқауды өткізу білімгерлердің ғылыми-зерттеу қызметін дамытуға, жастардың инновациялық идеяларын қолдауға, зерттеушілік құзыреттерін қалыптастыруға, сондай-ақ білімгерлердің ғылыми қабілетін ынталандыруға бағытталған. Байқау аясында қоғамның, экономиканың, құқықтың, білім берудің дамуына қатысты …










