Байланыс және Имидждік саясат орталығы

Виртуалды көрме

Ғ.Орманов атындағы кітапхана профессор-оқытушыларлардың шығарған ғылыми, оқу және оқу-әдістемелік әдебиеттеріне арналған виртуалды көрме ұсынады.Виртуалды көрме университет ғалымдарының көпжылдық ғылыми-зерттеу және педагогикалық қызметінің нәтижесінде жарық көрген авторлық еңбектерін кеңінен насихаттауға бағытталған. Көрмеде оқу құралдары, монографиялар ұсынылған.Виртуалды көрменің негізгі мақсаты – профессор-оқытушылар құрамының зияткерлік әлеуетін таныстыру, ғылыми еңбектерді білім алушыларға, жас зерттеушілерге және ғылыми қауымдастыққа қолжетімді ету, …

Виртуалды көрме Read More »

«Жасыл хакатон – 2026» өз мәресіне жетті

Бүгін Ілияс Жансүгіров атындағы Жетісу университетінде «Таза Қазақстан» экологиялық акциясы аясында студенттер арасында өткен «Жасыл хакатон – 2026» экологиялық инновациялық идеялар байқауы өз мәресіне жетті. Дәстүрлі түрде ұйымдастырылатын бұл байқау жастардың қоршаған ортаны қорғауға бағытталған тың жобаларын қолдауды мақсат етеді. Хакатонға «Грин сайкл», «Экобэлэнс», «Эколоу», «Стар», Жансүгіров колледжінің командасы, «Грин хакерс», «Байоуолл тим», «Ворлд дестройер», …

«Жасыл хакатон – 2026» өз мәресіне жетті Read More »

«Ынталы жобаларды ҰМҒТСО жүйесінде тіркеу» семинар

2026 жылғы 19 қаңтарда жас ғалымдарға арналған «Ынталы ғылыми жобаларды Ұлттық мемлекеттік ғылыми-техникалық сараптама орталығының (ҰМҒТСО) жүйесінде тіркеу» тақырыбында университетішілік семинар өтті. Семинарға «Jas galym» ғылыми және ғылыми-техникалық қызметінің нәтижелерін коммерцияландыруға арналған гранттық қаржыландыру конкурсы аясындағы жоба жетекшілері қатысты. Семинардың негізгі мақсаты – ынталы ғылыми жобаларды ҰМҒТСО жүйесінде тіркеу тәртібін түсіндіру, сондай-ақ жас ғалымдардың ғылыми …

«Ынталы жобаларды ҰМҒТСО жүйесінде тіркеу» семинар Read More »

БОС ҚЫЗМЕТ ОРНЫНА КОНКУРС

 «Ілияс Жансүгіров атындағы Жетісу университеті» коммерциялық емес акционерлік қоғамы  ішкі аудит қызметінің аудиторы бос қызмет орнына қайта конкурс жариялайды. Біліктілік талаптары:             1) экономика және/немесе қаржы, және/немесе есеп және аудит, және/немесе қаржылық менеджмент және/немесе қаржы және несие салаларындағы жоғары кәсіптік білім;             2) аудит және/немесе бухгалтерлік есеп және/немесе қаржы саласындағы жұмыс тәжірибесі – кемінде үш …

БОС ҚЫЗМЕТ ОРНЫНА КОНКУРС Read More »

Құттықтаймыз!

Қуаныш — халықтың сүйіктісі! Астана қаласында «Халық сүйіктісі – Народный любимец» ұлттық сыйлығының 15-ші салтанатты марапаттау рәсімі өтті. Аталған іс-шарада «Жылдың үздік пара спортшысы» аталымы бойынша І. Жансүгіров атындағы Жетісу университеті, дене шынықтыру және өнер факультетінің білім алушысы Қуаныш Аскарбеков жеңімпаз атанды. Бұл марапат — Қуаныштың табандылығы мен жоғары спорттық жетістіктерінің, сондай-ақ отандық параспорттың дамуына …

Құттықтаймыз! Read More »

«Ашық онлайн энциклопедияны (Уикипедия) қазақ тіліндегі мәліметтермен толықтыру» семинар

2026 жылғы 16 қаңтарда І. Жансүгіров атындағы Жетісу университетінде Ғылымметрия және ғылыми кадрларды даярлау бөлімі және Назарбаев Зияткерлік мектебінің бірлесуімен «Ашық онлайн энциклопедияны (Уикипедия) қазақ тіліндегі мәліметтермен толықтыру» тақырыбында университетішілік семинар өткізілді.        Семинар барысында PhD, оқытушы-дәріскер Шүкенай Гүлім Төлеуқызы мазмұнды баяндама жасап, Уикипедия платформасының ғылыми-ағартушылық әлеуетін, ашық дереккөздермен жұмыс істеу мәдениетін қалыптастырудың өзектілігін және ұлттық …

«Ашық онлайн энциклопедияны (Уикипедия) қазақ тіліндегі мәліметтермен толықтыру» семинар Read More »

Командалық тренинг

Университеттің Психологиялық қолдау қызметінің жұмыс жоспарына сәйкес Гуманитарлық факультеттің ШТҚ-213 тобының студенттерімен командалық тренинг өтті. Тренингтің мақсаты – студенттердің топта жұмыс істеу дағдыларын дамыту, тиімді қарым-қатынас орнату және бірлескен шешім қабылдау қабілеттерін жетілдіру. Тренинг барысында студенттер белсенділік танытып, өз ойларын еркін білдірді, бір-бірін қолдап, тапсырмаларға қызығушылықпен жауап берді. Іс-шара ашық әрі серпінді атмосферада өтті. #SDG …

Командалық тренинг Read More »

Хабарландыру!

Құзыреттер және қосымша білім беру орталығы Ағылшын тілі курстарына тыңдаушыларды қабылдауды жариялайды.Қабылдау 19 қаңтарға дейін жүргізіледі. Ақпарат:87752487278Ғ.Орманов атындағы кітапхана, 1 қабат, 1 кабинет@zhu_languagecourses Тіркелу және деңгейіңізді анықтау үшін келесі сілтемеге өтіңіз⬇️ https://docs.google.com/forms/d/e/1FAIpQLSf_sTopv2nW9GUGnZMM0dk90sA3X-mrCxFkrFm3q37xSRzx5w/viewform #SDG #ЦУР #ТДМ

«Jas galym-2025» жоба орындаушыларының ЕСЕБІ

Жас ғалымдардың ғылыми және ғылыми-техникалық қызметінің нәтижелерін коммерцияландыру жобаларын гранттық қаржыландыруға арналған «Jas galym-2025» конкурсы аясында жоба орындаушыларының кезекті есептік жиыны өтті. Жиында сегіз жоба жетекшісі жүзеге асырылған ғылыми-зерттеу жұмыстарының нәтижелерін және қол жеткізген көрсеткіштерін баяндап есеп берді. Әр жоба жетекшісі әзірлеген өнімдерін таныстырып, олардың ғылыми жаңашылдығын, практикалық маңызын және коммерцияландыру әлеуетін атап өтті. Сонымен …

«Jas galym-2025» жоба орындаушыларының ЕСЕБІ Read More »

AI Assistant