Жетісу университетінің студенттері Заң мен тәртіп қағидаты аясында «Шекара» атты театрландырылған сот процесін сахналады
Жеңіл табысқа қызығу қандай құқықтық салдарға әкелуі мүмкін? І. Жансүгіров атындағы Жетісу университетінің студенттері осы сауалға «Шекара» атты театрландырылған үлгілік сот процесі арқылы жауап берді. Құқықтық қойылым есірткі қылмысының зардаптарын көрсетіп, жастарға заң алдындағы жауапкершілікті нақты сот процесінің үлгісінде түсіндіруді көздеді. Құқық және экономика факультетінің студенттері сахналаған қойылымда есірткіні белгіленген орындарға жасырын жеткізу қылмысы негізге …










