Семинар
І. Жансүгіров атындағы Жетісу университетінде «Мүмкіндігі шектеулі білім алушылардың бейіналды дайындығын психологиялық-педагогикалық қолдауды ұйымдастыру» тақырыбында семинар өтті. Іс-шара ҚР Ғылым және жоғары білім министрлігі Ғылым комитетінің BR24993150 бағдарламалық-нысаналы қаржыландыру жобасы аясында ұйымдастырылды. Семинардың мақсаты – ерекше білім беру қажеттіліктері бар білім алушыларды бейіналды даярлау моделінің мазмұнын, оны ұйымдастыру және әдістемелік қамтамасыз ету мәселелерін талқылау. Семинарға …










