Жаңалықтар

БОЛАШАҚ ЖУРНАЛИСТЕРГЕ ШЕТЕЛДІК ОҚЫТУШЫ ДӘРІС БЕРУДЕ

І. Жансүгіров атындағы Жетісу университетінде академиялық ұтқырлық бағдарламасы аясында Түркияның Нийде Өмер Халисдемир университетінен келген философия докторы (PhD) Локман Зор ЖҚ-211 және ЖҚ-212 топтарының студенттеріне дәріс беруде.Шетелдік маман «Тележүргізушінің шеберлігі» пәні бойынша 45 сағаттық оқу курсын жүргізеді. Сабақ барысында болашақ журналистер тележүргізушіге қажетті кәсіби дағдыларды меңгеріп, сөйлеу мәдениетін жетілдіріп, халықаралық тәжірибемен танысады.Алғашқы дәрістің өзі тәжірибелік …

БОЛАШАҚ ЖУРНАЛИСТЕРГЕ ШЕТЕЛДІК ОҚЫТУШЫ ДӘРІС БЕРУДЕ Read More »

Құттықтаймыз!

ЖЕТІСУ УНИВЕРСИТЕТІНІҢ СТУДЕНТІ ДЗЮДОДАН ҚАЗАҚСТАН ЧЕМПИОНЫ АТАНДЫ! 2026 жылғы 1–5 қараша аралығында Жезқазған қаласында дзюдодан 23 жасқа дейінгі спортшылар арасында Қазақстан Республикасының чемпионаты өтті. Аталған республикалық додада І. Жансүгіров атындағы Жетісу университетінің Дене шынықтыру және өнер факультетінің студенті Хегай Кира 57 келі салмақ дәрежесінде жоғары спорттық шеберлігін көрсетіп, І орын иеленіп, Қазақстан Республикасының чемпионы атанды. …

Құттықтаймыз! Read More »

Халықаралық форсайт-конференция

І. Жансүгіров атындағы Жетісу университетінің Жаратылыстану-техникалық факультетінде «Ғылым шекарасыз: шетелдік және қазақстандық зерттеушілердің тәжірибе алмасу алаңы» тақырыбында халықаралық форсайт-конференция өтті. Іс-шараның негізгі мақсаты – шетелдік және қазақстандық ғалымдар арасында тәжірибе алмасуға жағдай жасау, халықаралық ғылыми ынтымақтастықты нығайту, бірлескен зерттеу жобаларын талқылау және ғылымның перспективалық бағыттарын айқындау. Конференцияны факультет деканы, т.ғ.д., қауымдастырылған профессор Ерлан Андасбаев жүргізіп, …

Халықаралық форсайт-конференция Read More »

ЖЕТІСУ УНИВЕРСИТЕТІ ИНДОНЕЗИЯ УНИВЕРСИТЕТТЕРІМЕН СТРАТЕГИЯЛЫҚ ӘРІПТЕСТІКТІ НЫҒАЙТУДА

«QS Summit 2026» халықаралық саммитіне қатысу аясында Ілияс Жансүгіров атындағы Жетісу университетінің делегациясы Сурабая мемлекеттік университетімен (Universitas Negeri Surabaya – UNESA) ынтымақтастық орнатуға мүмкіндік алды. Сурабая мемлекеттік университеті (UNESA) – Индонезияның Шығыс Ява провинциясындағы Сурабая қаласында орналасқан беделді мемлекеттік жоғары оқу орындарының бірі. 1964 жылы негізі қаланған университет педагогикалық институттан білім беру бағдарламаларының кең спектрі …

ЖЕТІСУ УНИВЕРСИТЕТІ ИНДОНЕЗИЯ УНИВЕРСИТЕТТЕРІМЕН СТРАТЕГИЯЛЫҚ ӘРІПТЕСТІКТІ НЫҒАЙТУДА Read More »

Жетісу университеті ғалымдарының Өзбекстанға халықаралық ғылыми сапары

І. Жансүгіров атындағы Жетісу университетінің жас ғалымдары мен ғылыми жетекшілері Низами атындағы Өзбекстан ұлттық педагогикалық университетінің арнайы шақыртуымен Ташкент қаласында өткен халықаралық академиялық сапарға қатысты. Сапар аясында университет өкілдері ғылыми семинарлар мен республикалық конференцияға қатысып, ғылыми тәжірибе алмасты және бірлескен зерттеулердің перспективаларын талқылады. Академиялық сапарға Физика-математика факультетінің постдокторанттары Ахметов Жалгас пен Абдуалиева Рима, олардың ғылыми …

Жетісу университеті ғалымдарының Өзбекстанға халықаралық ғылыми сапары Read More »

Жетісу университеті UNAIR — QS Global топ 300 рейтингісіне кіретін жетекші университетпен меморандумға қол қойды

Индонезияда өткен QS Summit 2026 халықаралық саммитіне сапар кезінде І. Жансүгіров атындағы Жетісу университеті мен Аирлангга университеті (Universitas Airlangga – UNAIR) арасында ынтымақтастық туралы меморандумға қол қойылды. Universitas Airlangga (UNAIR) – Индонезияның жетекші мемлекеттік зерттеу университеттерінің бірі. 1954 жылы Сурабая қаласында негізі қаланған білім ордасы QS World University Rankings халықаралық рейтингі бойынша әлемнің үздік 300 …

Жетісу университеті UNAIR — QS Global топ 300 рейтингісіне кіретін жетекші университетпен меморандумға қол қойды Read More »

Жоғары оқу орнының үздік оқытушысы – 2026

Құрметті әріптестер! Ілияс Жансүгіров атындағы Жетісу университеті «Жоғары оқу орнының үздік оқытушысы – 2026» ЖОО ішіндегі кезеңін өткізу конкурсын жариялайды. Конкурс Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2015 жылғы 16 мамырдағы № 124 бұйрығымен бекітілген «Жоғары оқу орнының үздік оқытушысы» атағын беру қағидаларына сәйкес өткізіледі.  Құжатқа сілтеме https://adilet.zan.kz/kaz/docs/V1500010506. Конкурсқа кемінде бес жыл үзіліссіз ғылыми-педагогикалық өтілі бар, …

Жоғары оқу орнының үздік оқытушысы – 2026 Read More »

Еркін күрестен Ректор кубогы өтті

2026 жылғы 4 қараша күні І.Жансүгіров атындағы Жетісу университетінде студенттер арасында Басқарма Төрағасы – Ректор Кубогына арналған еркін күрестен жарыс өтті. Жарысқа университеттің 6 факультеті мен колледжінен барлығы 60 студент қатысып, түрлі салмақ дәрежелері бойынша өзара бақ сынады. Жарысқа Еркін күрестен ҚР Еңбек сіңірген спорт шебері, Атланта Олимпиадасынын қола жүлдегері, Ж. Үшкемпиров атындағы Олимпиадалық резервтік …

Еркін күрестен Ректор кубогы өтті Read More »

Қазақстан Республикасы Құрылтайының депутатымен кездесу

Бүгін Ілияс Жансүгіров атындағы Жетісу университетінде Қазақстан Республикасы Құрылтайының депутаты Наурыз Сайлаубай мен Халық Кеңесінің мүшесі Руфина Усановамен кездесу өтті. Жиынды университеттің әлеуметтік жұмыс және жастар саясаты жөніндегі проректоры Болат Сериев жүргізді. Кездесу барысында Құрылтай депутаты Наурыз Сайлаубай Жолдауда көтерілген инфрақұрылым және құрылыс, экономика мен жалпы ішкі өнім, агроөнеркәсіп кешені, қалалар мен өңірлерді дамыту, көлік …

Қазақстан Республикасы Құрылтайының депутатымен кездесу Read More »

Құттықтаймыз!

2026 жылғы 24–29 қазан аралығында Ирактың Сулеймания қаласында садақ атудан Азия кубогінің екінші кезеңі — «Asia Cup 2026 – Leg II» өтті. Онда І. Жансүгіров атындағы Жетісу университетінің Дене шынықтыру және өнер факультетінің студенті Александра Землянова үздік нәтиже көрсетті. Классикалық садақ атудан сынға түскен спортшымыз үш бірдей жүлдеге ие болды: 🥈 ІІ орын – әйелдер …

Құттықтаймыз! Read More »