Zhansugurov College

Ұлттық спорт күні💪🏻

Қазақ халқының Наурыз мейрамын тойлау “Наурызнама” онкүндігі аясында 20 наурыз күні “Zhansugurov college”-нің дене шынықтыру пәнінің оқытушыларымен Ұлттық спорт күні ұйымдастырылды.Жарыс нәтижесі бойынша: Асық ату:І орын Ақынбек Ақжол 303 ДТқ;ІІ орын Бақытжан Алмас 302 ДТқ;ІІІ орын Өмірғазы Аңсар302 ДТқ. Тоғызқұмалақ ұлдар:І орын Кермиса Керімжан 303 ДТқ;ІІ орын Оразбек Әділет 401 ДТқ;ІІІ орын Қаржаубек Абзал 102 …

Ұлттық спорт күні💪🏻 Read More »

«ZHETYSU – START UP» үздіктері💐

2024 жылы наурыз айында өткен «ZHETYSU – START UP» инновациялық идеялар мен жобалар байқауында 38 жоба қорғалып, біздің колледж студенттері ұсынған 4 жобасы үздік атанды:– Кашкарова Д. , Кравченко Я., Аблай Қ., жетекшісі Байоразова А.Ж. «III – орын»;– Нурсеит А., Серикова А., Жұмағазы Н., жетекшісі Омарова А.Н. «Үздік білім беру жобасы»;– Қанапия А., Қасымхан Е., …

«ZHETYSU – START UP» үздіктері💐 Read More »

Абылай Рауан – Құттықтаймыз🥳

102 Ққ топ білімгері Абылай Рауан, Талғар қаласында Қазақ күресінен 2007-2008 ж.т жасөпірімдер арасында ақиық ақын Мұқағали Мақатаевтың жүлдесіне арналған ашық республикалық турнирде жүлделі 3 орын иеленді!!!! Құттықтаймыз!!!!

19 наурыз – Жаңару күні🌷

19 наурыз – Жаңару күні. Бұл күн сөзбе-сөз мағынада қоғамның саяси тұрғыда өмірдің жаңаруын бейнелейтін жаппай ағаш отырғызу шарасының ұйымдастырылуына байланысты Zhansugurov College -де осы үрдісті 306ШБқ, 308 РяЛ, 407 Д топтары жалғастырды.

«Ұлттық киім» күні ұйымдастырылды🇰🇿

Ата-бабамыздың ұрпақтан-ұрпаққа жалғасып келе жатқан әдет-ғұрыптарын сақтау және насихаттау мақсатында «Zhansugurov college»-де Наурызнама тұжырымдамасы аясында «Ұлттық киім» күні ұйымдастырылды. Бұл тұжырымдаманы жүзеге асыру мақсатында колледж ұжымы мен студенттері ұлттық киімді насихаттауға белсене атсалысты. Өзін ұлтжанды деп санайтын әр адамды осы күні ұлттық нақыштағы киімдерді ұлықтап, өз тарихымыз бен ата-бабаларымыздың салт-дәстүріне құрмет көрсетуге шақырды.

Мухашев Ельдос Сламкулович – Сізді шын жүректен құттықтаймыз💐

Ағымдағы жылдың 14-16 наурыз аралығында Шымкент қаласында “Алғашқы әскери және технологиялық дайындық” жетекшілері арасында “Пневматикалық винтовкадан ату мен автоматты жартылай бөлшектеп – жинаудан” өткен республикалық турнирінде Мухашев Ельдос Сламкулович “Автомат жинау” спорт түрінен 30-39 жас ерекшелігінде ІІІ орынды иеленді.Сізді шын жүректен құттықтаймыз💐

18 наурыз – «Ұлттық киім» күні 🇰🇿

Әр ұлтты ерекшелендіретін – дәстүрлі құндылықтары. Адамның жеке қолтаңбасы болатыны секілді, әр ұлттың қолтаңбасы іспетті дара әдет-ғұрпы, салт-санасы бар. Ұлттық киім – кез келген халық мәдениетінің ажырамас бөлшегі. Ол жай ғана киім емес, бүтін ұлттың бет-бедерін айқындар ұлан-ғайыр тарих. Осыған орай республикалық Наурыз мерекесіне арналған онкүндік шеңбері аясында “Zhansugurov College”-де 18 наурыз – «Ұлттық киім» …

18 наурыз – «Ұлттық киім» күні 🇰🇿 Read More »

«Мейірімді жан» акциясы🫶🏻

Қайырымдылық күніне орай «Zhansugurov college»-нің «Мейірім» еріктілер тобы оразаға орай адамдардың көңіл күйін көтеру мақсатында су мен құрма таратты.Сондай ақ, «Мейірімді жан» акциясы аясында ситуациялық сұрақтар қойылып, шоколадтар үлестірілді.

“Қызықты биология-2024”🥈

14.03.2024 жылы Авицена медициналық колледжінде “Жетісу облысының білім басқармасының” ММ “Әдістемелік орталығы” КММ ұйымдастырған “Қызықты биология-2024” атты жалпы білім беретін пәндер бойынша техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейін білім беру ұйымдарының 2-курс білімгерлеріне арналған облыстық олимпиадасына қатысқан 201Мдқ тобының білімгерлері Рысбек Ақбота 2- орынды иеленді, Нүкен Бөпенай алғыс хатпен марапатталды.Жетекшілері: Карасаева Айжан Ивановна

«Жаңа Қазақстанның болашағы – көшбасшы жастар» 1-орын🥇

12 Наурыз күні «Жаңа Қазақстанның болашағы – көшбасшы жастар» атты облыстық пікірсайыс турнирінің қазақ лигасы бойынша «Zhansugurov college»-нің Оспанбай Мейрамбек 307 ШБқ және Құрманжанова Гүлім 304Бқ тобының студенттерінен құралған «Тұлғалар» командасы 1-орынды иеленді. Жетекшісі: қазақ тілі мен әдебиеті пәндерінің оқытушысы Макеева Камшат Маулетовна.Біз Сіздерді шын жүректен құттықтаймыз!!!