Высшая школа физической культуры и искусства

«Түлектердің жетістігі»  шеберлік-сағаты

26.09.2022 ж.  Дене шынықтыру және өнер жоғары мектебінің  Көркем еңбек, графика және жобалау, Дизайн білім беру бағдарламаларымен жоспарланған І.Жансүгіров атындағы Жетісу университетінің 50 жылдығына арналған  «Түлектердің жетістігі» тақырыбында шеберлік сағаты өтті.  Шеберлік сағатын жоғары мектептің түлектері ҚР суретшілер одағының мүшесі  С.Сарсенбаева, жастар арасындағы  суретшілер одағының мүшесі М.Қасымбекова білімгерлерді өздерінің шығармашылықтарымен таныстырып, өз шеберліктерімен бөлісті.  Бейнеге …

«Түлектердің жетістігі»  шеберлік-сағаты Read More »

«Елге арнау»  шеберлік-сағаты

20.09.2022 ж.  Дене шынықтыру және өнер жоғары мектебінің  Музыкалық білім беру бағдарламасымен жоспарланған І.Жансүгіров атындағы Жетісу университетінің 50 жылдығына арналған  «Елге арнау» тақырыбында Талдықорған қаласының Жастар саябағында шеберлік сағаты өтті.  Оған арнайы ҚР Еңбек сіңірген қайраткері, І.Жансүгіров атындағы мәдениет сарайының  директоры  А.Алпысбаев білімгерлерге М.Төлебаев атындағы қазақ халық аспаптар оркестрының шығармашылығымен таныстырып, өз шеберлігімен бөлісті.  Бейнеге …

«Елге арнау»  шеберлік-сағаты Read More »

Джиу-джитсудан ҚР чемпионаты

Дене шынықтыру және өнер жоғары мектебінің 1 курс білімгері М.Есмұрат  2022 жылдың 16-18 қыркүйек аралығында Алматы облысы Талғар қаласында джиу-джитсудан ҚР чемпионатында 46 келі салмақ дәрежесінде 1 орын иеленіп Абу-Даби елінде өтетін Әлем чемпионатына жолдама алды.

Бокстан шеберлік сағаты

20.09.2022 ж.  Дене шынықтыру және өнер жоғары мектебінің  оқытушы-ассистенті,  магистр, бокстан ҚР спорт шебері А.Тохтаров І.Жансүгіров атындағы Жетісу университетінің 50 жылдығына арналған  «Қорғанып қарсы шабуыл әдісін және жақын ара-қашықтықта оң-сол бүйірден соғу» тақырыбында дене шынықтыру және спорт білім беру бағдарламасының 2 курс білімгерлерімен  шеберлік сағатын өткізді. Бейнеге сілтеме:

Жолдау

09.09.2022 жылы дене шынықтыру және өнер жоғары мектебінің   деканы  Е.Утегенов Қазақстан Республикасының Президентінің  1 қыркүйектегі  жолдауын талқылау мақсатында  жоғары мектептің оқытушы-профессорлар құрамымен кездесу өткізді.

Жеңіл атлетикадан ҚР чемпионаты

Дене шынықтыру және өнер жоғары мектебінің 1 курс білімгері  Омар Айбол Айдосұлы  2022 жылдың 06-09 қыркүйек аралығында   Алматы қаласында өткен 2005-2006 ж.т. жастар арасында (ұлдар) жеңіл атлетикадан ҚР чемпионатында 1500 м және 3000 м  1  орын иеленіп Кувейт елінде өтетін Азия чемпионатына жолдама алды. Бейнеге сілтеме:

Жауынгерлік самбодан ҚР чемпионаты

Дене шынықтыру және өнер жоғары мектебінің 3 курс білімгері  Турусбеков Аслан Қайратұлы  2022 жылдың 18-20 тамыз аралығында   Жетісу облысы Көксу ауданы Балпық би ауылында өткен 2002-2003 ж.т. жастар арасында (ұлдар) жауынгерлік самбодан ҚР чемпионатында 64 келі  салмақ дәрежесінде  1  орын иеленіп Грузия елінде өтетін әлем чемпионатына жолдама алды.

Білімгерлермен онлайн кездесу

22.08.2022 ж. сағат 15.00-17.00 дене шынықтыру және өнер жоғары мектебінің деканы 2022-2023 оқу жылының 1-5 курс білімгерлерімен жаңа оқу жылын ұйымдастыру бойынша білімгерлермен сұрақ-жауап түрінде онлайн кездесу өткізді. Онлайн кездесудің басты мақсаты 1 курс білімгерлеріне жалпы оқу үрдісі, жатақханаға орналасу тәртібі жайлы толық ақпарат беру.

ҚҰТТЫҚТАЙМЫЗ!

І.Жансүгіров атындағы Жетісу университетінің дене шынықтыру және өнер жоғары мектебінің 4 курс білімгері  Орманғали Данияр 2022жылы 25 маусымда өткен Республикалық «Шаған Тау» жартылай марафон жарысында 1 орын алып,Алтын медалін иеленді.