ЖАЛПЫ ДАМУ БІЛІМ БЕРУ БАҒДАРЛАМАСЫ

бІЛІМ БЕРУ БАҒДАРЛАМАСЫ туралы жалпы мәлімет

Жалпы дамудың білім беру бағдарламасы білім беру бағдарламалары бойынша бітіруші болып табылады:

бакалавриат:  6В01402 «Дене шынықтыру және спорт»,

                          6В01401 Бастапқы әскери дайындық»,

                          6B01408Бастапқы әскери дайындық және дене шынықтыру»

магистратура: 7 M01401 «Дене шынықтыру және спорт».

Білім беру қызметі жұмыс берушілермен келісілетін модульдік білім беру бағдарламалары негізінде қоғамның, еңбек нарығының қажеттіліктерін ескере отырып жүргізіледі.

Бакалавриат пен магистратураның білім беру бағдарламалары бойынша жалпы дамудың білім беру бағдарламасында үлкен кәсіби тәжірибесі бар жоғары білікті профессор-оқытушылар құрамы жұмыс істейді.

Білім беру бағдарламасында білім беру бағдарламасының базалық және бейіндік пәндері бойынша 10 оқытушы сабақ жүргізеді, олардың ішінде 3 педагогика ғылымдарының кандидаты – оқытушы-дәріскерлер;

1 медицина ғылымдарының кандидаты – оқытушы-лектор;

1 PhD докторы;

5 магистр – оқытушы-лекторлар.

Білім беру қызметінің білім бағдарламасын жоғары білім берудің мемлекеттік стандарттарына сәйкес жоғары білікті мамандарды даярлау бойынша  іске асыруға бағытталған.

Жалпы дамудың білім беру бағдарламасының профессорлық-оқытушылық құрамы:

  • Баженова Эльмира Даулетхановна доктор PhD, БББ жетекшісі, қауымдастырылған профессор (доцент)
  • Утегенов Ерлан Казбекович к.п.н қауымдастырылған профессор (доцент)
  • Сочин Сергей Анатольевич педагогика ғылымдарының кандидаты, оқытушы-дәріскер
  • Куракбаева Асыл Жексембаевна педагогика ғылымдарының кандидаты, оқытушы-дәріскер
  • Галиева Гульмира Базархановна медицина ғылымдарының кандидаты, оқытушы-дәріскер
  • Джанабаев Кайрат Темиргалиевич магистр, оқытушы-дәріскер
  • Сарсенбаев Берик Бектурсынович магистр, оқытушы-дәріскер
  • Озенбаев Мергембай Рамазанович магист,р оқытушы-дәріскер
  • Данабеков Ермек Амантайулы магистр, оқытушы-дәріскер
  • Ахметов Жанибек Октаевич магистр, оқытушы-дәріскер

Материалдық-техникалық жабдықтау

Оқу процесін ұйымдастыру үшін заманауи материалдық-техникалық базасы бар:

  • «Спорттық медицина» виртуалды зертханасы;
  • «Спорттық пәндер» виртуалды зертханасы;
  • «Әскери робототехника негіздері» виртуалды зертханасы;
  • технологиялық дайындық аудиториясы;
  • «Кәсіби маман» интерактивті лазерлік тир;
  • ату тирі;
  • платц;
  • кедергілер жолағы;
  • ойын залы;
  • гимнастика залы;
  • бокс залы;
  • жаттығу залы;
  • стадион;
  • «Құлагер» спорттық-сауықтыру базасы;
  • «Қарлығаш» спорттық-сауықтыру базасы.
  • Жүзу Бассейні
жалпы даму білім беру бағадарламасының тарихы
1990 г.

Дене тәрбиесі теориясы мен әдістемесі кафедрасы 1990 жылы құрылды. Кафедраның алғашқы меңгерушісі доцент Богодухов Геннадий Иванович болды. Әр жылдары кафедрада өз ісінің кәсіпқойлары жұмыс істеді: Смаил Н.Н – медицина ғылымдарының докторы, профессор, Уварова Т. Н. - "ҚР Білім беру үздігі",  Серикова Г. О - "ҚР Білім беру үздігі".

2020 г.

Қыркүйектің 1-нен 2020жылы жалпы даму кафедрасы мен дене шынықтыру кафедрасы қосылып «Жалпы даму» кафедрасы болып аталды, аталған каферада «Бастапқы әскери дайындық» және «Дене шынықтыру және спорт» мамандығына сәйкес мамандарды дайындайды.

Дене шынықтыру және спорт мамандығы бойынша

 Кафедраның алғашқы меңгерушісі Богодухов Геннадий Иванович(1986-1995 жж.), ол кафедраның дамуына қомақты үлес қосты.

Кейінгі жылдары кафедраны басқарған:

 Забродин Н.И. -  1988 - 1990 жж.

Парманов Р.Т. -  1993-1997 жж.; 2004-2008 жж.

Хамитов Р.А. – 1997-2004 жж.

Канапьянов С.С. – 2008-2010 жж.

Битлеуов Б.А. – 2010-2011 жж.

Баккожаев А.Н. – 2011-2012 жж.

Утегенов Е.К. -  2012-2016 жж.

Берікболов К.Е. -2016-2017 жж.

Галиева Г.Б. – 2017-2018 жж.

2018 жылдың қыркүйек айынан Дене шынықтыру және спорт кафедрасы меңгерушісінің м.а. болып п.ғ.к., қауымдастырылған профессор Прокофьева М.А.

            Әртүрлі жылдары кафедраның қалыптасуына және дамуына келесі оқытушылар мен қызметкерлер өз үлестерін қосқан болатын:

            Богодухов Г.И.,  Парманов Р.Т., Канапьянов С.А., Утегенов Е.К., Битлеуов Б.А., Баққожаев А.Н.,  Галиева Г.Б., Саутов Р.Т., Иванова Л.В., Чарапиев С.Т., ҚР еңбек сіңірген жаттықтырушысы, Габдуллина С.Ж.ҚР еңбек сіңірген спорт шебері, Дуанаев Т.С.  және т.б.

            Кафедраның әр жылдардағы түлектері өздерін спорт және кәсіби қызмет саласындағы жоғары білікті мамандар ретінде көрсетті (Мамыров М., Шалкибеков А., Жанатбек Г., Оразбаева Ю., Иванов И., Абырмасов М., Берсанов И., Седов В., Сепбосынов Е. және басқалар).

Мамандықтар және білім беру бағдарламалары:
Оқу-әдістемелік қызмет

Мамандықтың оқу-әдістемелік кешені 100% – ға қалыптастырылды.

Білім беру бағдарламасының оқытушылары оқу-әдістемелік әдебиеттерді шығарды:

– «Қазақ халықының жауынгершілік дәстүрі негізінде білімгерлердің әскери-патриоттық тәрбиелеуге дайындығын қалыптастыру» оқу-әдістемелік құралы (Б.Б.Джакубакынов., А.Ж. Куракбаева., С.Сочин., М.С.Кангалаков). Талдыкорган, 2019.

– «Дене шынықтыру және спортқа мұғалімдерді дайындау» РОӘК-не ұсынылған «Психология физической культуры и спорта» атты  оқу құралы шығарылды  (Э.Д.Баженова, А.Н.Умирбекова, Л.И.Шалабаева. 2022.

– Озенбаев М.Р. редакциясымен «Қазақ күресін оқыту әдістемесі «Ұлттық спорт түрлері» пәніне арналған оқу құралы шықты. 2023 г.

-6В01402 – Дене шынықтыру және спорт БББ студенттеріне арналған  «Педагогикалық іс-тәжірибені ұйымдастыру және өткізу» оқу-әдістемелік құралы (А.Ж. Куракбаева, С.А.Сочин, Г.Б. Галиева, А.У.Аннабигин, А.Б.Кумарова). -Талдыкорган, 2023.

–  «Дене шынықтыру және спорт білім беру бағдарламасын психологиялық-педагогикалық сүйемелдеу» атты Е.К. Утегеновтың Спорт және туризм академиясының РОӘК ұсынылған монографиясы шықты.

Дипломдық жұмыстар мен жобалардың тақырыптары Және олардың мазмұны білім беру бағдарламасы жүргізетін ғылыми зерттеулердің бағыттарына сәйкес келеді.

Дипломдық жұмыстардың жетекшілері – ғылым докторлары, ғылым кандидаттары және өндірістегі тәжірибелі мамандар. Дипломдық жұмыстарға сын пікірлерді білім беру саласындағы тәжірибелі мамандар береді.

ҚР БҒМ 20.04.2011 жылғы №152 «Кредиттік оқыту технологиясы бойынша оқу процесін ұйымдастыру қағидаларын бекіту туралы» бұйрығына сәйкес жалпы дамудың жалпы білім беру бағдарламасында эдвайзерлер бекітілді. Топ эдвайзерлері элективті пәндерді таңдау, студенттердің жеке оқу жоспарларын құру кезінде түсіндіру жұмыстарын жүргізеді, сонымен қатар білім беру бағдарламасы бойынша бағыттаушы функцияны орындайды.

Қазіргі кезеңдегі білім беру бағдарламаларының басты міндеті  – әлемде болып жатқан өзгерістерге стандартты емес, икемді және уақтылы жауап бере алатын мамандарды даярлау, оларды патриотизм, Қазақстан Республикасы халқының достығы рухында тәрбиелеу, әртүрлі мәдениеттерге, дәстүрлерге, әдет-ғұрыптарға құрметпен қарау, жалпыадамзаттық және әлеуметтік-жеке құндылықтарды қалыптастыруда.

Күндізгі бөлімде оқу ұзақтығы 4 жыл, колледж базасында (ҚОТ ПК) оқу 3 жыл.

Ғылыми-зерттеу қызметі

Жалпы даму білім беру бағдарламасының профессорлық-оқытушылық құрамы мен студенттер білім беру бағдарламаларының бағыттары бойынша ғылыми-зерттеу жұмыстарын белсенді орындайды.

Жалпы дамудың білім беру бағдарламасының профессорлық-оқытушылық құрамы мен студенттер қазақстандық қоғамды жаңғырту жағдайында әскери-патриоттық, дене тәрбиесін жетілдіру; дене шынықтыру құралдарымен студенттерді патриоттық тәрбиелеу, білім беру мазмұны жаңартылған мектепте жұмыс істеу үшін болашақ педагогтарды даярлау мәселелері бойынша ғылыми-зерттеу жұмыстарын орындайды.

Профессор-оқытушылар құрамының ғылыми мақалалары ғылыми журналдарда, ғылыми конференциялар жинақтарында тек Қазақстан Республикасында ғана емес, Ресейде, Украинада, Чехияда, Германияда, Болгарияда және шет елдердің басқа да ғылыми басылымдарында жарияланады.

Жалпы даму кафедрасының ПОҚ ғылыми-зерттеу жұмысын екі бағыты бойынша белсенді жұмыс істейді:

1.Дене шынықтыру саласындағы студенттерді спорттық-патриоттық тәрбиелеу;

2.Қазақстандық қоғамды жаңғырту жағдайында әскери-патриоттық тәрбие жұмысын жетілдіру.

Зерттеу нәтижелерін енгізу үшін ғылыми-зерттеу және тәжірибелік-конструкторлық жұмыстарды орындауға «Жақсылық Үшкемпіров атындағы Талдықорған қаласындағы Олимпиадалық резервтің облыстық мамандандырылған мектеп-интернат-колледжі» КММ-мен «Жетісу облысының дене шынықтыру және спорт басқармасы» ММ-мен және «Дене шынықтыру, спорт, Бастапқы әскери даярлық және қосымша білім берудің ғылыми-практикалық орталығы» КММ «Жетісу облысының білім басқармасы» ММ-мен шарттар жасалды.

Академиялық ұтқырлық

2020 жылғы 01 қазаннан 30 қазанға дейінгі кезеңдегі ПОҚ академиялық ұтқырлық кестесіне сәйкес халықаралық ынтымақтастық шеңберінде бакалавриаттың 5В010800 «Дене шынықтыру және спорт» және магистратураның 7М011401 «Дене шынықтыру және спорт» мамандықтарына сабақтар өткізу үшін п.ғ.к., Оңтүстік Орал мемлекеттік университетінің доценті Федоров Александр Иванович дәрістер оқуға шақырылды (Челябинск қ., РФ).

2022-2023 оқу жылында «Дене шынықтыру және спорт саласындағы кәсіптік білім берудегі оқыту технологиялары» және «Дене шынықтыру және спорт теориясы мен әдістемесінің ғылыми-практикалық негіздері» пәндері бойынша жалпы саны 90 сағат 7М01401 – Дене шынықтыру және спорт БББ 1 курс магистратурасына виртуалды форматта сыртқы академиялық ұтқырлық бағдарламасын іске асыру шеңберінде п.ғ.к., «Оңтүстік Орал мемлекеттік университеті» (Ресей, Челябинск қ.) жоғары білім берудің федералды мемлекеттік автономды білім беру мекемесінің доценті Федоров Александр Иванович дәріс оқыды.

2023-2024 оқу жылында ғалым А.И.Федоров академиялық ұтқырлық шеңберінде 7М01401 БББ 2 курс магистранттарына «Оқу процесінің тиімділігін қамтамасыз етудің техникалық құралдары», «Әлемдік деңгейдегі спортшыларды даярлау (әдістеме, әдістер, инновациялар)» пәндері бойынша дәрістер оқыды және практикалық сабақтар өткізді.

Білім алушылардың академиялық ұтқырлығы ЖОО аралық шарттар/келісімдер шеңберінде жүзеге асырылады. Білім алушылардың академиялық ұтқырлығын қамтамасыз ету мен іске асырудың мақсаттары, міндеттері мен жалпы ережелері Болон декларациясының және академиялық саясаттың негізгі қағидаттарына сәйкес.

ЖОО-да академиялық ұтқырлық, қосымша, ресми және бейресми оқыту барысында игерілген оқу нәтижелерін тану тетігі айқындалған. Танудың барлық рәсімдері ЖОО ішіндегі құжаттамада көрсетілген. Оқудан өткеннен кейін офис тіркеуші ЖОО берген транскрипт негізінде оқу нәтижелерін тану рәсімін жасайды, игерілген пәндерді қайта есептейді. ББ білім алушыларын сыртқы және ішкі ұтқырлық бағдарламалары туралы хабардар ету тұрақты негізде ЖБМ-де студенттермен және ПОҚ-мен кездесулер өткізу, ұтқырлық жөніндегі үйлестірушілер арқылы ақпарат беру, Сайтта, әлеуметтік желілерде ақпарат орналастыру арқылы жүргізіледі.

БББ білім алушыларын сыртқы және ішкі ұтқырлық бағдарламалары туралы хабардар ету ЖМ студенттермен және ПОҚ-мен кездесулер өткізу, ұтқырлық жөніндегі үйлестірушілер арқылы ақпарат беру, сайтта, әлеуметтік желілерде ақпарат орналастыру арқылы тұрақты негізде жүргізіледі.

ЖОО және БББ жетекшілігі шығыстарды қаржыландыру (көлік шығыстары, медициналық сақтандыру немесе тұру ақысын төлеу), шетелдік серіктес ЖОО-мен бірлескен білім беру бағдарламаларын дамыту, білім алушылардың тілдік құзыреттілігін арттыру және оларды теориялық даярлау мақсатында шетелдік ғалымдарды тарту арқылы білім алушылардың ұтқырлығын дамытуға жәрдемдеседі.

2022-2023 оқу жылында 6В01402 –Дене шынықтыру және спорт білім беру бағдарламасының 3 курс студенттері (ДШК 312) Шалқарұлы Дінмұхамед, Марлан Сұлтан Сырымұлы 16.01.2023 ж. – 25.05.2023 ж. аралығында Қазақ спорт және туризм академиясында (Алматы қ.) Шығыс академиялық ұтқырлық бойынша білім алды.

І. Жансүгіров атындағы Жетісу университетінде 6В01402 – Дене шынықтыру және спорт БББ бойынша кіріс академиялық ұтқырлықта 2022-2023 оқу жылында Қазақ спорт және туризм академиясының (Алматы қ.) 3 курстың 2 студенті Орынбай Абылай және Қалибай Бақыт 16.01.2023 ж. – 25.05.2023 ж. аралығында оқыды.

12. Әлеуметтік-тәрбие қызметі

Білім беру бағдарламасының профессорлық-оқытушылық құрамы және білім беру бағдарламаларының студенттері университеттің, Талдықорған қаласының, Жетісу облысының әлеуметтік-тәрбиелік іс-шараларына белсенді қатысады.

Жалпы дамудың БББ «Ерлік» әскери-патриоттық клубы жұмыс істейді, оның басшысы Ауған соғысына қатысушы, Талдықорған қаласының Ауғанстандағы соғысқа қатысушылар ұйымының төрағасы, «Құрмет» орденінің иегері, магистр Қайрат Темірғалиұлы Жанабаев. Клубтың өз Жарғысы бар. Клуб мүшелері патриоттық бағыттағы іс-шаралар өткізуде.

Жалпы дамудың БББ ПОҚ әр жылдары қоғамдық, ведомстволық, мемлекеттік наградалармен марапатталды.

Студенттер университет, жоғары мектеп, білім беру бағдарламасы деңгейінде өтетін барлық іс-шараларға, сондай-ақ студенттік ғылыми-практикалық конференцияларға белсенді қатысады.

Тәрбие процесі әдістемелік құрылымдармен және И.Жансүгіров атындағы ЖУ-ның перспективалық жоспарымен қамтамасыз етілген. Жұмыс нәтижелері жалпы дамудың білім беру бағдарламасының, жоғары мектеп Кеңесінің, университеттің Ғылыми кеңесінің отырыстарында қаралады. Студенттер өткізілетін және өткізілген іс-шаралар туралы ақпараттарды стендтер, университет сайты, «Жетісу университеті» атты университеттік газеті арқылы алады.

Жалпы, тәрбие жұмысын ұйымдастыру Қазақстан Республикасының жастар саясатын жүргізу саласында бағдарламалық құжаттарды іске асыруға бақытталған.

Білім беру бағдарламаның жетістіктері:

«Атамекен» ҚР ҰКП бойынша 6В01402 -Дене шынықтыру және спорт білім беру бағдарламасының рейтингі – 5/44 (2020 ж.), 17/34(2021 ж.), 9/35 (2022 ж.)

І. Жансүгіров атындағы Жетісу университеті дене шынықтыру және спорт университеттерінің халықаралық қауымдастығының мүшесі.

Жалпы даму  БББ ПОҚ осы қауымдастықта белсенді жұмыс істейді.

2019 жылы І. Жансүгіров атындағы Жетісу мемлекеттік университетінің командасы Қазақстан Республикасының жоғары оқу орындары арасындағы x-ші жазғы Универсиаданың қорытындысы бойынша жүлделі 3 орынға ие болды. Универсиада 2019 жылдың сәуір-маусым айлары аралығында жоғары оқу орындарының базасында өтті.

2018-2022 жылдар аралығында көптеген студенттер халықаралық және республикалық деңгейдегі жарыстардың жүлдегерлері атанды: 2018-2019 оқу жылдары – 19 студент, 2019-2020 оқу жылында-19 студент, 2020-2021 оқу жылында-16 студент, 2021-2022 оқу жылында-21 студент.

2021 жыл

– Дене шынықтыру және өнер ЖМ 3 курс студенті Саян Құрманғалиев Қазақстан Республикасының чемпионатында 68 кг салмақ дәрежесінде 1 орын алды.

– Дене шынықтыру және өнер ЖМ 2 курс студенті Танжарық Мөлдір ҚР чемпионатында дуо жүйесі бойынша 57 кг салмақ дәрежесінде 1 орын алды

– ҚР чемпионатында 65 кг салмақ дәрежесінде 1 орын алған дене шынықтыру және өнер ЖМ 1 курс студенті Анель Қайратқызы.

– Студент Әбіләкім Бекзат дзюдодан Қазақстан Республикасының V Жастар спорт ойындарында 66 кг салмақ дәрежесінде 2 орын алды.

2022 жыл

– 1 курс студенті Есмұрат мақсат джиу-джитсудан әлем чемпионы атанып, 46 кг салмақ дәрежесінде I – орын алды.

– Самбодан әлем чемпионатында дене шынықтыру және өнер Жоғары мектебінің 3 курс білім алушылары Турусбеков Аслан 64 кг салмақ дәрежесінде жауынгерлік самбодан I орынды, Жарбулова Айдана 59 кг салмақ дәрежесінде самбодан III орынды иеленді.

– Әлем чемпионатында дене шынықтыру және өнер Жоғары мектебінің 1 курс білім алушысы Сәрсенұлы Самат 56 кг салмақ дәрежесінде джиу-джитсудан I орын алды.

2023 жыл

Универсиада:

– ДШҚ 111 студенті Нұрмұхамбет Анела Асланқызы -1 орын (найза лақтыру)

– ДШҚ 411 студенті Білімхан Қанат Даниярұлы – 2 орын (4х400м эстафета)

– ДШҚ 214 студенті Қадырбек Жанболат Алмасбайұлы – 2 орын (800 м)

– ДШҚ 411 студенті Баймұрат Тимур Ерінұлы – 2 орын (400 м)

-ДШҚ 116 студенті Жұмамұрат Ернар Жұмамұратұлы – 2 орын (4х400м эстафета)

Еркін Күрес

– ДШҚ121 студенті – Шаймуран Бедел -2 орын (65 кг)

– ДШҚ121 студенті-Мұхаметқали Дидар Берікұлы -3 орын (92 кг)

Волейбол (әйелдер )

ФКР 211 студдетері Құмарбекқызы Аяулым; ДШҚ 412 Мүбаракзянова Зарина Анваровна;  ФКР 411 Сайлибекова дана Амировна; ДШК 211 Турдыханова Аяулым Асқарқызы; ДШК 412 Уатаева Бота Нұрланқызы; ДШҚм 212 Шәкен Ақерке Сырымқызы; ФКР 311 Якимова Юлия Павловна 1 орын алды.

Қазақ күресі

ДШҚ 313 студенті Асылбекова Ақнұр Бейсембекқызы – 1 орын

Бокс

ДШҚ413 студенті Байзақ Дильназ Нұрланқызы -2 орын

ДШҚ115 студенті Бостыбаева Еңлік Ераткенқызы -2 орын

ДШҚ413 студенті Амангелді Әлібек Болатұлы -3 орын

Түркітілдес елдер арасында өткен II түркі Универсиадасында жалпы даму ОP студенттері бірінші орынға ие болды (ФКР 211 Құмарбекқызы Аяулым; ДШҚ 412 Мүбаракзянова Зарина Анваровна;  ФКР 411 Сайлибекова дана Амировна; ДШК 211 Турдыханова Аяулым Асқарқызы; ДШК 412 Уатаева Бота Нұрланқызы; ДШҚм 212 Шәкен Ақерке Сырымқызы; ФКР 311 Якимова Юлия Павловна 1 орын алды, олар Дүниежүзілік Универсиадаға жолдама алды.

Білім беру бағдарламаның оқытушы – профессорлар құрамы: (ПОҚ)

Баженова Эльмира Даулетхановна

ББ басшысы, PhD дәріскері

+7 (728) 222 44-79 ;
Доп.вн. (2236)

bazhenova@inbox.ru

Толығырақ:

Утегенов Ерлан Казбекович

қауымдастырылған профессор (доцент), педагогика ғылымдарының кандидаты

+7 (728) 222 44-79 ;
    Доп.вн. (2236)

utegenov.erlan@zhgu.kz

utegenov.erlan@list.ru

Толығырақ:

Сочин Сергей Анатольевич

оқытушы-дәріскер, педагогика ғылымдарының кандидаты

+7 (728) 222 44-79 ;
    Доп.вн. (2236)

S_Sochin@mail.ru

Толығырақ:

Курақбаева Асыл Жексембаевна

оқытушы-дәріскер, педагогика ғылымдарының кандидаты

+7 (728) 222 44-79 ;
    Доп.вн. (2236)

a.kurakbaeva@mail.ru

Толығырақ:

Галиева Гульмира Базархановна

оқытушы-дәріскер, медицина ғылымдарының кандидаты;

+7 (728) 222 44-79 ;
Доп.вн. (2236)

gulmira.galieva.1963@bk.ru

Толығырақ:

Сарсенбаев Берик Бектурсынович

оқытушы-дәріскер;

+7 (728) 222 44-79 ;
Доп.вн. (2236)

Толығырақ:

Аннабигин Ардак Ускенбаевич

оқытушы-ассистент

+7 (728) 222 44-79 ;
Доп.вн. (2236)

annabigin@list.ru

Толығырақ:

Тохтаров Ақниет Мұхтарұлы

оқытушы-ассистент;

+7 (728) 222 44-79 ;
Доп.вн. (2236)

akniet.mukhtaruly@mail.ru

Толығырақ:

Дузжасаров Ертай Кожатаевич

оқытушы-ассистент

+7 (728) 222 44-79 ;
Доп.вн. (2236)

duzzhasarov.yertay@mail.ru

Толығырақ:

Өзенбаев Мергенбай Рамазанович

оқытушы-дәріскер

+7 (728) 222 44-79 ;
Доп.вн. (2236)

Толығырақ:

Данабеков Ермек Амантайұлы

оқытушы-дәріскер

+7 (728) 222 44-79 ;
Доп.вн. (2236)

danabekovermek@mail.ru

Толығырақ:

Заманбеков М.М.

оқытушы-ассистент

+7 (728) 222 44-79 ;
Доп.вн. (2236)

Толығырақ:

Шалабаева Куаныш Жангалиевна

оқытушы – ассистент

Жаңабай Абылай Айдарұлы

оқытушы-ассистент

+77074109293

(2236)

zhanabaevabylai@mail.ru

Толығырақ:

Толығырақ:

Айдана Болатовна

оқытушы-ассистент

+7 775 025 20 26

(2236)

bolatovna.ai@list.ru

Толығырақ:

Абден Асылбек Қайратұлы

оқытушы-ассистент

+7 776 286 38 84

(2236)

abdenasylbek@mail.ru

Толығырақ: