«ЖАМБЫЛ ФЕНОМЕНІ: ЖАМБЫЛТАНУ ҒЫЛЫМЫ ЖӘНЕ БІЛІМ БЕРУ» АТТЫ РЕСПУБЛИКАЛЫҚ ҒЫЛЫМИ-ТӘЖІРИБЕЛІК КОНФЕРЕНЦИЯ ӨТТІ

2021 жылдың 15 наурызында сағат 11:00-де Жамбыл Жабаевтың туғанына 175 жыл толуына орай «жамбыл феномені: жамбылтану ғылымы және білім беру» атты республикалық ғылыми-тәжірибелік конференция өтті. Конференцияға республикамыздағы жамбылтанушы ғалымдар, мектеп мұғалімдері, магистранттар мен студенттер қатысты.

Республикалық ғылыми-тәжірибелік конференцияны І.Жансүгіров атындағы Жетісу университеті Басқарма мүшесі м.а. – Академиялық мәселелер жөніндегі проректор, э.ғ.д., профессор Қалдияров Данияр Алтайұлы ашты.

Пленарлық мәжілісте М.Әуезов атындағы Әдебиет және өнер институтының аға ғылыми қызметкері, ф.ғ.д. Қ.Мәдібаева, Қазақ ұлттық қыздар педагогикалық университетінің қауымдастырылған профессоры, ф.ғ.к. Л.Әділбекова, Л.Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университетінің доценті, ф.ғ.к. Р.Әбілхамитқызы, І.Жансүгіров атындағы Жетісу университетінің қауымдастырылған профессор м.а., ф.ғ.к. С.Қожағұлов ақын шығармашылығын жаңаша көзқарас тұрғысынан талдап, қазіргі жамбылтанудың өзекті мәселелері жайлы ой бөлісті.

ЮНЕСКО мәдениеттерді жақындастыру орталығының бас ғылыми қызметкері, жазушы Н.Қапалбекұлы, Алматы облысы мәдениет, архивтер және құжаттама басқармасының басшысы М.Көлбаев, Ж.Жабаевтың әдеби-мемориалды музейінің меңгерушісі С.Джамбулова Жамбыл мұрасының жинақталуы мен халық арасына насихатталуы бойынша атқарылып жатқан іс-шараларға тоқталды.

Конференция жұмысы «Жаһандану дәуіріндегі Жамбылтанудың жаңа арналары және оны оқыту мәселелері», «Білім беру мен қолданбалы зерттеулердегі жаңа жаратылыстану және әлеуметтік-қоғамдық технологиялар», «Жас ғалымдардың инновациялық ізденістері» атты секцияларда жалғасты. Студенттер мен магистранттардың үздік жұмыстары анықталып, марапатталды.

Республикалық ғылыми-тәжірибелік конференция нәтижесі бойынша төмендегі білімгерлер марапатталды:

І орын  – Қытайбек Забира (Қазақ ұлттық қыздар педагогикалық университеті);

ІІ орын  – Мадет Ернұр (І.Жансүгіров атындағы Жетісу университеті);

ІІ орын  – Өтеген Бекет (әл -Фараби атындағы Қазақ ұлттық университеті);

ІІІ орын  – Шаймұрат Ақниет (І.Жансүгіров атындағы Жетісу университеті);

ІІІ орын  – Қасенова Талшын (І.Жансүгіров атындағы Жетісу университеті);

ІІІ орын  – Шаяхмет Шырын (І.Жансүгіров атындағы Жетісу университеті).

Leave a Comment

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған