ҒЫЛЫМИ ТАҒЫЛЫМДАМА

2021 жылдың 26 – 30 сәуірі аралығында «Оқушыларды қашықтықтан оқытуға педагогтердің дайындығын қалыптастыру» тақырыбы бойынша ғылыми жоба аясында университеттің ғылыми қызметкерлері Ресей Федерациясының астанасы Мәскеу қаласындағы Мәскеу психоанализ институтына ғылыми тағылымдамадан өту мақсатында іс-сапармен барып келді.

Ғылыми тағылымдама барысында МПИ іс-тәжірибе бойынша проректоры, пс.ғ.к., доцент Шляпников Владимир Николаевич, «Виртуалды клиника» ғылыми-практикалық орталығының жетекшісі, пс.ғ.к. Валаева Ольга Георгиевна, Цифрлық білім беру технологиялары департаментінің басшысы, ф-м.ғ.к. Квашнин Александр Юрьевич және т.б. ғалымдар семинар өткізді.

Сонымен қатар Мәскеу психоанализ институты және І. Жансүгіров атындағы Жетісу университеті арасындағы ғылыми-ізденіс жұмысы мен академиялық ұтқырлық мәселесін жүзеге асыру мақсатында құрылған келісім-шартқа қол қойылды.

Тағылымдама аяқталғаннан кейін, ғылыми тағылымдамадан өткені туралы жобаның келесі ғылыми қызметкерлеріне сертификаттар берілді. Жоба жетекшісі, п.ғ.к., PhD, қауымдастырылған профессор Майлыбаева Гульмира Сабыровна; жобаның қосалқы жетекшісі, п.ғ.к., қауымдастырылған профессор Жанатбекова Назым Жанатбекқызы; жетекші ғылыми қызметкер, п.ғ.к, доцент Жолтаева Гульнар Нурболатовна; аға ғылыми қызметкер, п.ғ.к., PhD, доцент Сейтбатталова Айгерим Сейтбатталовна; кіші ғылыми қызметкер, магистр Мейрамбек Әділет Мейрамбекұлы; кіші ғылыми қызметкер, магистр Сарсекулова Диляра Мадиевна.

Leave a Comment

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды.