Республикалық ғылыми-зерттеу жұмыстарының конкурсы

І. Жансүгіров атындағы Жетісу университетінде Қазақстан республикасының Білім және ғылым министрлігі жоғары оқу орындарының 5В010100 – «Мектепке дейінгі оқыту және тәрбиелеу» мамандығы бойынша 2021 жылғы 01 наурыз – 30 сәуір аралығында СҒЗЖ Республикалық конкурсының II кезеңі өтті. 

Университеттің ғылым бөлімінің басшысы м.а. Л. Карашолакованың ұсынысы негізінде 26.02.2021 ж. № 62 П бұйрығымен бекітілген комиссия мүшелері Қазақстан республикасы жоғары оқу орындары студенттерінің түскен ғылыми-зерттеу жұмыстарын зерделеп қарап, талқылап, қорытындысын шығарды.

Жалпы байқауға 13 жоғары оқу орындарынан 25 жұмыс қатысты. Конкурстық комиссияның дауыс беру нәтижелері бойынша жүлделі орынға ғылыми-зерттеу жұмыстары конкурс талаптарына сай дайындалған төмендегі студенттердің тізімі ұсынылды: 1 ОРЫН – І. Жансүгіров атындағы Жетісу университетінің 4 курс студенті Биссирова Азиза, 2 ОРЫН – Еуразия гуманитарлық институтының  2 курс студенті Гульмамедова Аяулым Арманқызы,  2 ОРЫН – С. Аманжолов атындағы Шығыс Қазақстан университетінің 3 курс студенті Жумагалиева Әйгерім, 3 ОРЫН – Қожа Ахмет Ясауи атындағы Халықаралық қазақ-түрік университетінің 2 курс студенті Райымжанова Роза Шакиржанқызы, 3 ОРЫН – Қорқыт Ата атындағы Қызылорда  университетінің 2 курс студенті Бектас Меруерт Еркінқызы, 3 ОРЫН – Қазақ ұлттық қыздар педагогикалық университетінің 2 курс студенті Мустафаева Құндыз иеленді. 5В010100 – «Мектепке дейінгі оқыту және тәрбиелеу» мамандығы студенттерінің ғылыми-зерттеу жұмыстары бойынша республикалық конкурстан жүлделі орын алған жұмыстар Қазақстан республикасының Білім және ғылым министрлігі жоғары және жоғары оқу орнынан кейінгі білім департаментіне III-кезеңге жіберілді.