Ғылым және инновация – жаңашылдық арқауы🤩

Республикалық колледж студенттеріне арналған «Student Energy Challenge-Junior» байқауының іріктеу қорытындысы бойынша Zhansugurov college-нің «Zhansugurov college», «IT ZH» команда құрамы финалға өтті.

«KAZENERGY» қауымдастығы «Шелл Қазақстан» компаниясымен серіктесе отырып әрі оның қаржылай қолдауымен 2017 жылдан бері өткізіліп келе жатқан «Student Energy Challenge» мерейтойлық байқауының шеңберінде колледж студенттеріне арналған «Student Energy Challenge-Junior» (Байқау) жобасы алғаш рет өткізіліп отыр.

Республика бойынша колледж студенттерінің 41 командасы қатысты.
2 кезеңде – 1-19 шілде аралығында Іріктеу комиссиясы Қазақстанның 9 аймағынан 32 команданың, 17 колледж өкілдерінің видеорезюмелерін қарап, бағалады.

Нәтижесінде Іріктеу комиссиясы Байқау критерийлеріне сәйкес келетін 20 команданы финалдық кезеңге жіберу туралы шешім қабылдады.

24 қыркүйек 2021 жылы өткен финалдық кезеңде «IT ZH» командасы үздік ондыққа кірді. Ал «Zhansugurov Сollege» жас ғалымдар құрамы Сапар Сұлтан, Брімтай Лейла, Өмірсерік Шолпан және Хасанова Адэлия Республикалық колледж студенттеріне арналған «Student Energy Challenge-Junior» байқауында 🥇1-орынды иеленіп, 1 жыл бойы ай сайын 40 000 теңге шәкіртақы алу мүмкіндігіне ие болды.

«Student Energy Challenge-Junior» байқауының ең алғашқы жеңімпаздарын және ғылыми жетекшісі Бейсенбеков Ерик Бакдаулетовичті шың жүректен құттықтаймыз!🥳