2021 жылдың 27 қазанында Жаратылыстану факультетінің Педагогикалық информатика білім беру бағдарламасының оқытушы-дәріскері Ермекова Н.С «Рухани жаңғыру» бағдарламасы аясында «Информатика», «Физика-информатика» білім беру бағдарламаларының 3-4 курс білімгерлерінің қатысуымен «Бәсекеге қабілетті ұлт болудың белгісі – білімді ұрпақ!» тақырыбында дөңгелек үстел өткізді. Іс-шараның мақсаты- еліміздің ертеңі бәсекеге қабілетті білім иелерінің қолында. Білім алушылар бүгінгі ұрпаққа әлемдік білім беру стандартына сәйкес жаңаша білім беруімізді өркениетті дамудың өзі талап етіп отырғандықтан, өскелең ұрпаққа жан-жақты терең білім беру үшін қажымай еңбек етуді мақсат тұту дұрыс деп өз ойларын тұжырымдады.
![](https://zhetysu.edu.kz/wp-content/uploads/2021/10/01-2-1024x768.jpg)
![](https://zhetysu.edu.kz/wp-content/uploads/2021/10/02-1-1024x768.jpg)
![](https://zhetysu.edu.kz/wp-content/uploads/2021/10/03-1-1024x768.jpg)