«Талдықорған каласы бойынша «Aura.delivery» геоақпараттық жүйесін жасау»

Жобаның атауы: «Талдықорған каласы бойынша «Aura.delivery» геоақпараттық жүйесін жасау» (жоба ұзақтығы 1 жыл, 2021 – 2022ж).

Реферат: 
Талдықорған қаласында қандай да бір жеткізу агрегаторлары жоқ. Сонымен қатар, белгілі бір мекемені таңдау өте қиын, себебі барлық тапсырыстар тек телефон арқылы қабылданады. Бұл өте ұзақ және ыңғайсыз, сондықтан да осындай біртұтас экожүйені құруды қолға алдық. Қазір барлық ірі қалаларда жеткізу агрегаторларының көртеген түрлері бар. Клиенттер қажетті тауарларды тез алады, ал сатушылар бүкіл қала бойынша сата алады. Оның үстіне қазіргі пандемияға байланысты жеткізу сервисі бұрыннан да үлкен сұранысқа ие. Осы мәселеге байланысты біздің қаламызда да мейрамханалар мен дүкендерге қашықтан сатуға мүмкіндік беретін құрал өз қажеттігін көрсетіп отыр. Әр мейрамхана жеткізу мәселелерін өз бетінше шешуге мәжбүр. Орташа мейрамхана үшін курьерлерді ұстау өте қымбат. Бұдан басқа, карантиндік жағдайлар ол мекемелерге көптеген қиындықтар туындатуда. Қазір мейрамханалар жүргізушілерді жалдауға, телефон арқылы тапсырыс алуға және қолмен есеп жүргізуге мәжбүр. Бұл көп уақыт пен ақшаны қажет етеді. Алматы облысында осыған ұқсас бірде-бір сервис жоқ. Яндекс.ЕДА, Glovo, Wolt, ұзақ уақыт бойы осы бизнес-идеяның сенімділігі мен қажеттілігін көрсетті, ал олар біздің қаланың нарығына, оның көлеміне келіңкіремейді.
Қазіргі уақытта біз ұсынып отырған геоақпараттық жүйенің бета-нұсқасы жұмыс жасап тұр және қалада 15-тен астам мейрамханалармен серіктестік келісімшартқа отырғанбыз. Біздің сервис кафелер мен дүкендерге пандемия аясында қашықтан жұмыс істеуге мүмкіндік береді, бұл шағын бизнестің одан әрі дамуына мүмкіндік береді. Сонымен қатар, курьерлер үшін көптеген жұмыс орындары құрылады.

Жобаның мақсаты: 
Онлайн тапсырыс пен үйге жеткізудің бірыңғай жүйесін жасау. Бұл бірыңғай алаң болады, онда мейрамханалар мен дүкендер өз өнімдерін таратып, клиенттер курьерлер арқылы үйге тапсырыс бере алады. Клиенттер қаланың барлық мекемелеріне бірден қол жеткізе алады, сондай-ақ курьерлерге арналған мобильді қосымшаларды пайдалану арқылы өнімдер логистикасын оңтайландырамыз.

Күтілетін нәтижелер:

  • Құрылған мобильді web қосымшаның және сайттың көмегімен Талдықорған қаласында жеткізу тапсырыстарының 30% – ы іске асырылатын болады. Әзірленген Геоақпараттық жүйенің арқасында жеткізу тез және сапалы болады. Сондай-ақ, халық арасында жеткізу қызметтерінің дамытылуы күтілуде.
  • Курьерлерді автоматтандыру платформасы геоақпараттық жүйеге қосылады.

Жобаның жетекшісі: 
Оразбаева Әсел Айтмұхаметқызы п.ғ.м, ақпараттық – қатынастық технологиялар кафедрасының аға оқытушысы. 45 – тен астам ғылыми жұмыстары жарияланды, оның ішінде 1 мақала Scopus деректер базасында жарияланды:
Microclimate control in greenhouses. International Multidisciplinary Scientific GeoConference Surveying Geology and Mining Ecology Management, SGEMVolume 17, Issue 62, 2017, Pages 699-70417th International Multidisciplinary Scientific Geoconference, SGEM 2017; Albena; Bulgaria; 29 June 2017 до 5 July 2017; Код 130800. DOI:10.5593/SGEM2017. 62/S27.089. SNIP 0,218.

Зерттеу тобының мүшелері: 
Бакытбаев Елдос Тимурулы. Техникалық факультет, 5В070300 – Ақпараттық жүйелер мамандығы ИС 311 студенті.
Ногай Артем Робертович. Техникалық факультет, 5В070300 – Ақпараттық жүйелер мамандығы ИС 311 студенті.

Ғылыми тағылымдамалар және біліктілікті арттыру:

  1. 11. – 12.12.2020ж., Оразбаева А.А. Сертификат №00120/QS-0018/3 72 сағат көлемінде «Компьютерная графика» курсы бойынша.
  2. 07 – 23 сәуір 2021ж., Оразбаева А.А. Халықаралық онлайн – тағылымдама «Университет 4.0. Цифровая трансформация». Сертификат №00151. 72 сағат.
  3. 20.02 – 26.05 2021г., Оразбаева А.А. Сертификат №1437. 96 сағат көлемінде ағылшын тілі курсы бойынша Intermediate level деңгейі

2015 жылдан 2020 жылға дейінгі кезеңде жобаны орындаушылардың жарияланымдары мен патенттерінің тізімі:

  1. Оразбаева А.А. «Мектеп геометриясының ұғымдық аппаратын қалыптастыруда ақпарттық-коммуникациялық технологияларды қолдану» Абай атындағы Қазақ ұлттық педагогикалық университеті Хабаршысы №1 (53). 55 – 61бб., ISSN 1728-7901. Алматы, 2016. http://kaznpu.kz/docs/vestnik/fizika_matematika/fiz_mat_1_2016.pdf
  2. Оразбаева А.А. 3d графика негіздері (оқу – әдістемелік құрал). І. Жансүгіров атындағы ЖМУ баспаханасы, 283 бет. ISBN: 978 – 601 – 216 – 397 – 1., Талдықорған, 2017. 11,6 б.т.
  3. Оразбаева А.А. Microclimate control in greenhouses. International Multidisciplinary Scientific GeoConference Surveying Geology and Mining Ecology Management, SGEMVolume 17, Issue 62, 2017, Pages 699-70417th International Multidisciplinary Scientific Geoconference, SGEM 2017; Albena; Bulgaria; 29 June 2017 до5 July 2017; Код 130800.DOI:10.5593/SGEM2017. 62/S27.089. SNIP 0,218.
  1. Оразбаева А.А. Цифрлық сауаттылықты көтеруде роботтық техникалық жүйелерді қолдану. Абай атындағы Қазақ ұлттық педагогикалық университеті Хабаршысы №2 (62). 165 – 169б. ISSN 1728–7901. Алматы, 2018. http://kaznpu.kz/docs/vestnik/fizika_matematika/fiz_mat_2_2018.pdf
  2. Оразбаева А.А. Оқу үдерісінде роботтық техникалық жүйелерді қолдану ерекшеліктері. Е.А. Букетов атындағы атындағы Қарағанды мемлекеттік университеті Хабаршысы №3 (91)/2018. Педагогика сериясы 59 – 65б. ISSN 2518–7937. Қарағанды, 2018 http://vestnik.ksu.kz/ru/content/srch/2018_Pedagogics_3_91_2018.pdf
  3. Оразбаева А.А. «Үшөлшемді модельдеу негіздері» пәнінен лабораториялық практикум. І. Жансүгіров атындағы ЖМУ баспаханасы, 145 бет. ISBN: 978 – 601 – 216 – 462 – 6., Талдықорған, 2018. 9.6 б.т
  4. Оразбаева А.А. Роботтық техникалық жүйелердің ерекшеліктері мен қолдану салалары. Международный научный журнал Наука и Жизнь Казахстана

    №2 (78) 2019. ISSN 2073-333X. 223-226б. Алматы 2019.

  1. Оразбаева А.А. Роботтық техникалық жүйелер және оларды оқу үдерісінде қолдану. І.Жанүгіров атындағы Жетісу университетінің Хабаршысы №4 (97). ISSN 2616-8901., 13-18 бб, Талдықорған, 2020.