Білім беру жүйесінде сыбайлас жемқорлықты жою, сыбайлас жемқорлықтан бас тарту бағытындағы жұмыстарды жандандыру үшін колледжде «Саналы ұрпақ” жобасы іске қосылған.

Білім беру жүйесінде сыбайлас жемқорлықты жою, сыбайлас жемқорлықтан бас тарту бағытындағы жұмыстарды жандандыру үшін колледжде «Саналы ұрпақ” жобасы іске қосылған.
2021 жылдың 18 қарашасында І. Жансүгіров атындағы Жетісу университеті «Zhansugurov College»-де «Жемқорлық – қоғам дерті» тақырыбында TEDx форматында «Сыбайлас-жемқорлық» деген ұғымды түсіндіру, студенттерді сыбайлас жемқорлықтың зияны туралы ақпараттандыру, студенттік ортада парасаттылыққа, өз мемлекетіне жауапкершілікпен қарау және әділдікке тәрбиелеу мақсатында студенттермен кездесу ұйымдастырылды. Аталған іс-шарада ҚР Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің Алматы облысы бойынша департаменті басшысының бірінші орынбасары Жұмабаев Жандос Сағындықұлы, Алматы облысы әкімінің кеңесшісі, «Нұр Отан» партиясы Талдықорған қалалық филиалы төрағасының бірінші орынбасары, «Жетісу адалдық алаңы» жобалық кеңсесінің басшысы Жазықбаев Аманжол Тоқтарұлы,І.Жансүгіров атындағы Жетісу университеті «Саналы ұрпақ» жобалық кеңсесінің жетекшісі Беисов Ербол Жақсыбекович сыбайлас жемқорлықтың алдын-алу жұмыстары, сыбайлас жемқорлық бойынша құқықбұзушылықтың жауапкершілігі және түрлері туралы баяндама жасап, әлеуметтік бейнероликтер көрсетілді. Кездесуге колледж студенттеры қатысып, агенттіктің бастамасымен жүзеге асырылып жатқан іс-шараның маңыздылығын атап өтіп, көкейлерінде жатқан сауалдарға жауап алып, пікір алмасты.