2021 жылдың 23 қарашасында «Zhansugurov College»-нің Қазақстан Республикасының Тәуелсіздігінің 30 жылдығына орай арнайы пәндер онкүндігінің аясында сыныптан тыс іс-шара «Қаржылық сауаттылық» интеллектуалды ойынын өткізді. Ойын 206 Ққ топ студенттерінің қатысуымен өтті.
Іс-шарамыздың мақсаты студенттердің қаржылық сауаттылығын дамыту, тәуелсіз еліміздің ең алғашқы төл теңгесінің шығу тарихы, айналымға ену кезі туралы мағлұматтарды талдау.
Әр азаматтың жеке тұлға болып қалыптасуы үшін, қазіргі таңда қаржылық сауатты болуы басты назарда. Осы орайда студенттеріміздің өз ойларын еркін жеткізу мақсатымен іс-шарамызды топ студенттерін топқа бөлу арқылы өткіздік. Яғни топты сурет қиындысын құрау әдісін пайдалану арқылы екі топқа бөліп, ойын 4- кезеңде өткізілді.
І-айналым: Топты таныстыру;
ІІ-айналым:Ұяшықтар сыры;
ІІІ-айналым:Білгірлер;
ІV-айналым: Кім жүйрік;
Топты таныстыру айналымында екі топ арасында топ басшысы сайланып, тақырыпқа сәйкес ұрандарын айтып, топты таныстырды.
«Ұяшықтар сыры» деп аталатын ІІ айналымда Ұлттық валюта, экономикалық сұрақтар, логикалық сұрақтар бойынша ұяшықтардағы сұрақтарға жауаптар талданып, толық ақпараттар берілді.
«Білгірлер» атты ІІІ айналымда бейнесұрақтарға қазіргі таңдағы экономикалық өзгерістермен байланыстыра отырып, жауап берілді.
«Кім жүйрік» атты ІV айналымда топ басшылары шығып 1 минут ішінде ең көп сұрақтарға жауап беру сайысы болды. Бүгінгі іс-шарадан студенттеріміз қаржылық сауаттылық туралы көптеген ақпаратттар алып, қазіргі экономикадағы өзгерістер туралы пікірлерімен бөлісті.
Іс-шарамызда «Жалын» тобы жеңіске жетті. Атап айтсақ, Қорғағазы Рамазан, Болат Дамира, Бағдат Асел, Қабдоллаева Жансая, Сейдахметов Ернар.