25.11.2021 жылы құқықтану пәнінің оқытушылары С.Н.Наурызбаева, Г.Абзалқызы және Е.Б.Бейсенбековтың және құқықтану мамандығының студенттерінің ұйымдастыруымен «Қазақстан Республикасының Тәуелсіздігіне 30 жылдығына орай құқықтық сауаттылық заман талабы» атты оқылым өткізілді.

25.11.2021 жылы құқықтану пәнінің оқытушылары С.Н.Наурызбаева, Г.Абзалқызы және Е.Б.Бейсенбековтың және құқықтану мамандығының студенттерінің ұйымдастыруымен «Қазақстан Республикасының Тәуелсіздігіне 30 жылдығына орай құқықтық сауаттылық заман талабы» атты оқылым өткізілді. Бауыржан Момышұлы «Тәрбиелі-тәртіптің құлы, тәртіпті – елдің ұлы»,-дегендей бүгінгі оқылымымыздың мақсаты білімді, әділ парасатты, жігерлі болашақ маман иесін тәрбиелеу. Әр білімгердің санасына құқықтық нормаларды жеткізу, жеткізіп қана қоймай оның күнделікті міңез-құлық нормасына айналдыру үшін күресу құқықтық тәрбиенің міндеті болып табылады.
Оқылымға Құқықтану мамандығының 206, 225 және 306 топ студенттері қазіргі таңдағы құқық бұзушылық және құқықтық тәрбие бойынша тақырыптарына сәйкес презинтациялдарын қорғап, бейнероликтерін тамашалап, теориялық алған білімдерін тәжірибе жүзінде жүзеге асыру мақсатында криминалистика пәні бойынша эксперименттер өткізді.
Оқылымда «Менің сүйікті мамандығым заңгер», «Жансүгіров колледжінің ар-намыс кодексі», «Тергеудегі Трассалогия», «Тергеудегі дактилоскопия», «Жол көлік оқиғалары мен жазалар», «Жас өспірімдер арасындағы ерте жүктілік», «Жас өспірімдер арасындағы қылмыстық жауапкершілік», «Қазіргі таңдағы некенің бұзылуы», «Кәмелетке толмағандардың құқығы», «Жас өспірімдер арасындағы құқық бұзушылық, бопсалау», «Панорамалық фотосурет», «Терроризм» тақырыптары талқыланды.
Патриоттық сезімдерін ояту мақсатында құқықтық тәрбие бойынша бейне роликтер қойылды. Іс-шара соңында оқылымға қатысқан оқытушылар мен студенттер қазіргі таңдағы өзекті құқық бұзушылықтарды талдап, өзгертіліп жатқан заң нормативтік актілерді талдап, пікірлерін айтты.