ПЕДАГОГИКАЛЫҚ ІС-ТӘЖІРИБЕГЕ БАҒЫТТАУ КОНФЕРЕНЦИЯСЫ

2021 жылдың 8 желтоқсанында «Орыс тілі мен әдебиеті», «Орыс тілінде оқытпайтын мектептердегі орыс тілі мен әдебиеті» білім беру бағдарламаларының 3,4-курс білімгерлеріне арналған педагогикалық іс-тәжірибеге бағыттау конференциясы өтті.

Іс-тәжірибе жетекшілері Б.А. Әуелбекова, Б.Т. Рысдаулетова, Н.Ж. Сералиева білімгерлерді педагогикалық іс-тәжірибенің мақсат-міндеттері, бағдарламасы, негізгі есеп құжаттарының түрлерімен таныстырды. Биылғы оқу жылында білім алушыларды педагогикалық іс-тәжірибеге дайындаудың айрықша ерекшелігі – 3-курс білімгерлеріне орыс тілін оқыту әдістемесі мен орыс әдебиетін оқыту әдістемесі бойынша практикалық сабақтарды университет басшылығының шақыруымен жұмыс берушілердің жүргізуі болды. Талдықорған қаласы №12 орта мектеп-гимназиясының директоры Т.Н. Андриянова және Талдықорған қаласы НЗМ директорының оқу-тәрбие ісі жөніндегі орынбасары С.Б. Мамлеева өз білімдері мен жинақтаған тәжірибелерін болашақ ұстаздармен бөлісуде күш-жігерлері мен уақыттарын аямады. Сонымен қатар, биылғы оқу жылында «Орыс тілі мен әдебиеті», «Орыс тілінде оқытпайтын мектептердегі орыс тілі мен әдебиеті» мамандықтары бойынша филологтарды даярлайтын БББ филиалын Талдықорған қаласындағы №12 ОМГ негізінде ашу туралы келісімшартқа қол қойылды.  

Білімгерлердің алғашқы іс-тәжірибесі Талдықорған қаласының үздік мектептерінде тәжірибелі тәлімгерлердің жетекшілігімен өткені өте маңызды. Осыған сәйкес, 3-курс білімгерлері педагогикалық іс-тәжірибеден өту үшін №12 ОМГ мен Талдықорған қаласындағы НЗМ таңдады.

4-курс білімгерлері 3-курста тәжірибеден өткен №14 орта мектеп-гимназиясын таңдады. Мамандығы бойынша жұмыс істейтін білімгерлер жұмыс орындарында өндірістік тәжірибеден өтеді. Олар И.Епишева (№5 орта мектеп), С.Латифова (№10 орта мектеп), И.Нысанбаева (№9 орта мектеп). Конференция қызу және қызықты өтті.

 Бітіруші курс білімгерлері 3-курс білім алушыларымен өздерінің өткен жылы қашықтықтан оқыту жағдайында өткен іс-тәжірибелерінен алған білімдері мен қиындықтарымен бөлісіп, оларға сәттілік тіледі.