Қазақстан Республикасының Тәуелсіздігінің 30-жылдығына арналған «ТӘУЕЛСІЗДІК ТОЛҒАУЫ» атты тарихи кеш өткізілді

2021 жылдың 10 желтоқсан күні Гуманитарлық факультеттің оқытушылары Абдилданова Альбина Койшымановна, Нурланова Гульнур Ныгметоллдаевна және Каратаева Динара Галимбаевнаның жетекшілігімен Қазақстан Республикасының Тәуелсіздігінің  30-жылдығына арналған  «ТӘУЕЛСІЗДІК ТОЛҒАУЫ» атты тарихи кеш ұйымдастырылды. Қазақ тарихының өткенінен сыр шертіп, бүгінімен ұштастыра отырып, тарихи кезеңдерден көріністер қойылды. Факультет деканы Амангелді Ғабдылкәрімұлы Толамисов барлық профессорлық-оқытушылар құрамы мен білімгерлерді Тәуелсіздіктің 30 жылдығымен құттықтап, сәттілік тіледі!