ӨНДІРІСТІК (ПЕДАГОГИКАЛЫҚ) ПРАКТИКАҒА АРНАЛҒАН БАСТАПҚЫ КОНФЕРЕНЦИЯ

2021 жылдың 14 желтоқсанында «Химия» мамандығының 4 курс студенттері арасында өндірістік (педагогикалық) практикадан өту тәртібін түсіндіру бойынша бастапқы конференция өтті. Конференцияда практикадан өтудің мақсаты мен міндеттері туралы түсініктемелер беріліп, практика бағдарламасымен және есептік құжаттаманың негізгі түрлерімен таныстырылды. Конференцияға жаратылыстану ғылыми бағыт бойынша білім беру бағдарламасының жетекшісі Б.Оксикбаев, тәжірибе жетекшілері С.Сыдыкбаева, Ж.Иманғазинова, Л.Ыбрайымжанова, С.Маманова қатысты. Конференция барысында студенттер өздерін қызықтырған барлық сұрақтарға жауап алды.