«Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес саясатын іске асыру» атты тақырыпта тәрбие  сағаты

2022 жылдың 28 ақпан күні І. Жансүгіров атындағы Жетісу университетінің, дене шынықтыру және өнер жоғары мектебінің  тәрбие жұмысы бойынша үйлестіруші А.Кунбосынның ұйымдастыруымен жоғары мектептің белсенді білімгерлерімен тәрбие жұмысының жоспарына сәйкес «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес саясатын іске асыру» атты тақырыпта тәрбие  сағаты өткізілді. Тәрбие сағатқа жоғары мектептің «Саналы ұрпақ» клубының жетекшісі, оқытушы-дәріскер С.Онгарбаева қатысты.

Іс-шараның мақсаты – жастардың санасын дамыту және студенттерде сыбайлас жемқорлыққа қарсы дүниетанымды қалыптастыру және сыбайлас жемқорлыққа деген теріс көзқарасты қалыптастыру идеясын сипаттау.