«ӘЗ-НАУРЫЗЫМ,ҚОШ КЕЛДІҢ»

Ағымдағы жылдың 18-наурызында Ілияс Жансүгіров атындағы Жетісу Университетінің Гуманитарлық жоғары мектебінің Филология білім беру бағдарламасының 3-курс білімгерлері топ кураторы Тұрысбекова Әсем Ерікқызының жетекшілігімен «Әз-наурызым,қош келдің» атты іс-шара ұйымдастырылды.Қонақ ретінде декан А.К.Толамисов,кафедра жетекшілері,соның ішінде С.Г.Саятқызы, Т.М.Болатқызы ,және т.б қатысты.Білімгерлер мереке кешіне арнап хормен «Байлығым-мерекем» әнін айтса, Каденова Жанель «Алғыс» әнін көрерменге тарту етті. Университет белсендісі сері жігіт Бауыржан домбыраның құлағында ойнап,күй шертті.Ару қыздар дастархан жайып,көже дацындады.Қонақтарымыз қазақтың ұлттық дәмі мен күмбірлеген күйіне тәнті боп кетті.