Конференция

«XXI ҒАСЫР: ҒЫЛЫМ ЖӘНЕ ИННОВАЦИЯ» атты жас ғалымдар мен студенттер арасындағы Республикалық ғылыми-тәжірибелік конференция

2022 жылдың 08 сәуір күні І.Жансүгіров атындағы Жетісу университетінде университеттің 50 жылдығына арналған «XXI ғасыр: ғылым және инновация» атты жас ғалымдар мен студенттер арасындағы Республикалық ғылыми-тәжірибелік конференциясы өтті.

Конференцияның ашылуында география ғылымдарының докторы, профессор, Алтынсарин атындағы Қазақстан білім академиясының академигі, Басқарма Төрағасы Баймырзаев Қуат Маратұлы алғы сөз сөйледі.

Конференция жұмысына әл-Фapaби aтындaғы Қaзақ ұлттық университеті, Л.Н.Гумилёв атындағы Еуразия ұлттық университеті, Қазақ ұлттық қыздар педагогикалық университеті, Абай атындағы қазақ ұлттық педагогикалық Университеті, Қожа Ахмет Ясауи атындағы Халықаралық қазақ-түрік университеті, Азаматтық авиация академиясы, Қазақ ұлттық өнер университетінің студенттері мен жас ғалымдары қатысты.

Конференцияның пленарлық отырысында 6 баяндама тыңдалып, талқыланды:

1. Әділғазы Серікхан – әл-Фараби атындағы Қазақ Ұлттық университетінің оқытушы-дәріскері, PhD.

Тақырыбы: «Қазақстан Республикасындағы зейнетақы жүйесін жетілдіру мәселелері».

2. Аширова Жадыра Бердимуратовна – Қазақ Ұлттық қыздар педагогикалық университетінің Биология кафедрасының аға оқытушысы, PhD докторанты.

Тақырыбы: «ЖОО-да қосжарнақты гүлді өсімдіктерді зерттеудің оқыту әдістемесі».

3. Имашева Аида – Алматы қ. «Aiplus» Республикалық білім беру орталығының биология пәнінің мұғалімі, І.Жансүгіров атындағы Жетісу университетінің «Биология» білім беру бағдарламасының 2 курс магистранты.

Тақырыбы: «Қашықтықтан оқыту жағдайында білім алушылардың функционалдық сауаттылығын дамыту».

4. Балтабек Іңкәр – І.Жансүгіров атындағы Жетісу университетінің «Шығapмaшылық oқыту» бiлiм бepу бaғдapлaмacының 1 курс магистранты.

Тақырыбы: «Жетісу композиторлар шығармалары арқылы жастарды атамекенге сүйіспеншілігін арттыру».

5. Манабай Гаухар – І.Жансүгіров атындағы Жетісу университетінің «Бастауышта оқытудың педагогикасы мен әдістемесі» білім беру бағдарламасының 4 курс студенті.

Тақырыбы: «Бастауыш мектепте қашықтықтан оқытуды ұйымдастыру».

6. Пуценко Светлана Сергеевна – І.Жансүгіров атындағы Жетісу университетінің «Орыс тілі және әдебиет» білім беру бағдарламасының 2 курс студенті.

Тақырыбы: «Антиутопические миры Е.Замятина и О.Хаксли».

Секциялық отырыстар 6 бағыт бойынша өтті:

1. Құқық, экономика және басқарудың өзекті мәселелері;

2. Гуманитарлық ғылымдар: өзекті мәселелер, даму тенденциялары, заманауи аспектілері;

3. Мектепке дейінгі, бастауыш және жалпы орта білім берудің өзекті мәселелері;

4. Қазіргі жаратылыстану: жағдайды талдау және даму болашағы;

5. Оқу үрдісіндегі жаңа инновациялық технологиялар;

6. Мәдениет және өнер: теория мен практиканың өзекті мәселелері.

Үздік ауызша баяндамалардың жеңімпаздары I, II, III дәрежелі дипломдармен марапатталды.