Ашық есік күні

Ілияс Жансүгіров атындағы Жетісу университетінде 21-22 сәуір аралығында Алматы облысы бойынша жалпы білім беру мекемелерінің мектеп бітіруші түлектеріне «Ашық есік күні» өткізілді.

Шара барысында оқушыларға университет туралы ақпарат берілді. Олар Халықаралық ынтымақтастық және стратегиялық даму орталығы, Жастар орталығы, Оқу телестудиясы, Ғ.Орманов атындағы кітапхана, Стартап академиясы, Бассейн, Педагогика және психология, Гуманитарлық ғылымдар, Құқық және экономика, Техникалық ғылымдар, Жаратылыстану, Дене шынықтыру және өнер жоғары мектептерінің материалдық базасымен танысты. Сондай ақ университет білімгерлері студенттік өмірдің қызықтарымен бөлісті.