Республикалық ғылыми-практикалық конференция
28 сәуiрде Алматы облысы, Панфилов ауданы, Жаркент қаласында Ілияс Жансүгіров атындағы Жетісу университеті мен Жаркент жоғары гуманитарлык-техникалык колледжiмен бірлесіп ұйымдастырған «Жаңа Қазақстандағы білім беру қызметін көрсетудегі –маман келбеті» атты республикалық ғылыми-практикалық конференция өтті.
Конференцияға Ілияс Жансүгіров атындағы Жетісу университеті, Абай атындағы ҚазҰПУ оқытушылары, Алматы облысы білім басқармасының қызметкерлері, Жаркент жоғары гуманитарлык-техникалык колледжi, адамның үйлесімді дамуы ұлттық институтының жетекші ғылыми қызметкерлері, Алматы облысы мен Алматы қаласы, Нұрсұлтан, Тараз, Көкшетау, Қызылорда қалаларындағы колледждер, Алматы облысының орта мектеп мұғалімдері қатысты.
Аталған оқу орындарының арасындағы ынтымақтастық туралы консорциалдық келісім аясында өткен конференцияның мақсаты -педагогтардың кәсіби өсуіне әдіснамалық және практикалық қолдау көрсету, педагогикалық қоғамдастықтың білім беру трендтері туралы түсініктерін кеңейтуге және жаңартуға ықпал ету, білім берудің өзекті міндеттерін іске асыру жолдарының перспективаларын іздестіруге және талқылауға бастамашылық ету, білім берудің әртүрлі деңгейлерінің өкілдері арасында диалог ұйымдастыру болып табылады.