«АДАЛДЫҚ АЛАҢЫ» БІЛІМГЕРЛЕРГЕ ТҮСІНДІРІЛДІ

«Адалдық алаңы» Жетісу университетінің айқын бастамасы! Осы тақырып аясында мамыр айының 5 жұлдызы Журналистика және ақпарат білім беру бағдарламасының ЖҚ111 тобы бойынша кураторылық сағат ұйымдастырылды.

Маңызы мен мәні зор жиналысқа ЖҚ111 тобының 13 білімгері қатысты. Топтың кураторы Албатыр Илесбек жас буынның қашанда адал еңбек етіп, ащы тердің жемісін жеуді сөз етіп, алдағы келе жатқан сессияға толыққанды қатысуды дәріптеді. Әр сабақтың емтиханнына тыңғылықты дайындалуды басты назарға ұстап, көшіру, сессия сұрақтары бойынша көмек берем немесе таныс-білісіммен шешіп берем деген сияқты желеудегі алдамкөстердің арбауына түспеуді, біреуге көмектесем деп қателікке ұрынып қалмауды қадап тұрып жеткізді. Сондай-ақ камера алдында өз-өздерін дұрыс ұстап, аудитория мәдениетін сақтау қажеттілігін де тілге тиек етіп, барша білімгерлерге сәттілік тіледі.