Бақытты отбасы-зорлық-зомбылықсыз әлем!»

14.09.2022 жылы І. Жансүгіров атындағы Жетісу университетінің «ZHANSUGUROV COLLEGE» балалар жылы аясында  » Бақытты отбасы-зорлық-зомбылықсыз әлем!», «Ерте жүктіліктің алдын алу » және «Жастар мен ересектер арасында психотроптық заттарды қолданудың алдын алу»тақырыптарында акция өткізілді. Мақсаты: оқушыларды зорлық-зомбылықсыз қарым-қатынас орнатуға бағыттау, адамгершілікке, еңбекке, әдептілікке, ізгілікке үйрету, жаман әдеттерден аулақ болуға тырысу. Кездесуге Жетісу облысы Талдықорған қаласы полиция басқармасының ҚМПС әйелдерді зорлық-зомбылықтан қорғау тобының аға инспекторы, полиция майоры- Гүлвира Иманхатқызы,  зорлық-зомбылық құрбандарына әлеуметтік көмек көрсету орталығының маманы -Мира Темірханқызы Таперова, «Алатау «Талдықорған өңірлік әйелдерді қолдау орталығы» қоғамдық бірлестігінің заңгері – (Тегі) Қарлығаш, психолог -Ольга Скобляшова, көп балалы және аз қамтылған отбасыларға арналған «Жанұя» әлеуметтік орталығының психологы- Фариза Сұлтанқызы Қажымұханова, Жетісу облысы полиция департаменті есірткі қылмысына қарсы іс-қимыл басқармасының жедел уәкілі полиция полковнигі- Искакова Меруерт Сейітқызы, облыстық психикалық денсаулық орталығының маманы- Т.И. Шевненко (немесе Шевченко) қатысты. Іс-шараны ұйымдастырушылар: қазақ тілі мен әдебиеті пәнінің оқытушысы Г. Б. Найманбаева және» Сенім » әйелдер клубының жетекшісі, биология пәнінің оқытушысы А. И. Қарасаева.