Дәріс

Жилин университеті профессорының қонақ дәрісі

Жаратылыстану жоғары мектебінде шетелдік жетекші университеттердің білікті оқытушыларын дәріс оқуға шақыру үрдісі жүзеге асырылуда.

05.09.2022-01.10.2022 аралығында жаратылыстану ғылыми бағыты бойынша білім беру бағдарламаларының  сыртқы академиялық ұтқырлық бағдарламасы аясында Жилин университеті Биік таулар биологиясы институтының (Словакия) профессоры, PhD Мартина Хаас 7М01505-Биология БББ магистранттарына «Биоалуантүрлілікті қорғау және сақтау» пәні бойынша (2 курс, БҚМ 211 тобы) дәріс оқуда. Инновациялық әдістерді қолдана отырып өткізген профессордың дәрісі мен практикалық сабақтарына магистранттар аса қызығушылықпен қатысып, талқылауда.