ҒЫЛЫМИ СЕМИНАР

2022 жылдың 20 қазан күні Жаратылыстану жоғары мектебінде жоспар бойынша ғылыми семинар отырысы өткізілді. Ғылыми семинар екі бөліктен тұрды. Семинардың бірінші бөлігінде IT орталық директоры Ж.У.Ахметовтың «Патентті қалай алуға болады? Kazpatent патенттік базасымен қалай жұмыс жасау керек?» тақырыбындағы презентациясы тыңдалды. Семинардың екінші бөлігінде жаратылыстану ғылыми бағыт бойынша білім беру бағдарламалары докторанттарының диссертациялық жұмыстары талқыланады. Докторанттар өз зерттеулерінің нәтижелерін таныстырды, олардың ғылыми қызметінің барысы мен бағыттары талқыланды.