Жоба

Биыл Талдықорғанда алғаш рет Astana Hub-пен бірлесіп «Startup Orda» инкубациялық жобасы іске қосылады

2022 жылдың 17 қазанында І.Жансүгіров атындағы Жетісу университетінде «Jas ǵalym» жобаларының жетекшілерімен, кәсіпкерлермен және ІТ-ке оң көзқараспен қарайтындардың барлығымен кездесу өтті. Astana Hub өкілі Кулынтаева Әсел Ержанқызы Startup Orda бағдарламасының артықшылықтары туралы айтып берді.

Startup Orda бағдарламасының мақсаты – өңірдегі ағымдағы проблемаларды цифрландыру және шешу үшін ІТ кәсіпкерлікті дамыту және инновациялық технологияларды қолдану.

Кездесу оқыту семинары форматында өтті және ІТ-кәсіпкерлік туралы стартап-жобаларды құрудан бастап, инвестиция тартудан бастап бизнесті одан әрі дамытуға дейінгі түрлі мәселелер қаралды.