«Zhetysu – Startup»

2022 жылдың 19-20 қазан аралығында 14:00-де І. Жансүгіров атындағы Жетісу Университеті, гуманитарлық ғылымдар жоғары мектебі, әлеуметтік-гуманитарлық білім беру бағдарламаларының 6В01601-«Тарих» мамандығының 1 және 2 курс білімгерлері  «Zhetysu – Startup» байқауына қатысу үшін өтініш берді. 1-курс білімгерлері: Ақыт Нұрмұхамед, Айтбаев Еркебұлан, Жанай Ақбота, Жарасова Айнура, Құрман Бекзат «Қазақ этникалық лагері»  әлеуметтік-гуманитарлық білім беру бағдарламаларының оқытушы-дәріскер, магистр – Б.Т. Калиеваның жетекшілігімен және 2 курс білімгерлері: Абжапар Диас, Асылбекұлы Абзал «Талдықорған қаласының көрікті жерлерін 3D-форматта бейнелеу және туризм саласын дамыту» атты тақырыпта әлеуметтік-гуманитарлық білім беру бағдарламаларының оқытушы-дәріскер, магистр – Д.Ғ. Қаратаеваның  жетекшілігімен жобаға қатысты. Жоба нәтижесінде 1-курс білімгерлері «Туризм саласындағы ең үздік жоба» және 2-курс білімгерлері «Үздік әлеуметтік жоба» номинацияларымен марапатталып, диплом алды.

ТҚ 111 топ білімгерлері Гуманитарлық ғылымдар жоғары мектебінің деканы, филос.ғ.к. Қ. Рысбеков құттықтады.

ТҚ 111 топ білімгерлері және топ жетекшісі, солдан оңға қарай: Н. Ақыт, Е. Айтбаев, А. Жарасова, Б.Т. Калиева, А. Жанай, Б. Құрман.

ТҚ 211 топ білімгерлері және топ жетекшісі, солдан оңға қарай: Д. Абжапар,  Д.Ғ. Қаратаева, А. Асылбекұлы.